15 Қазан, 2015

Қазақстан Республикасының Заңы №360-V ҚРЗ

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы 1-бап. 1993 жылғы 9 маусымда Манагуада қабылданған Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенция ратификациялансын. 2-бап. Қазақстан Республикасының атынан орталық орган болып Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы белгіленсін. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 13 қазан. №360-V ҚРЗ