Петропавл. 2 сәуір. Көзін тырнап ашқаннан облыс орталығында тұрып келе жатқан Ахметшина Ғайникамал әжей құлағалы тұрған баспана басып қала деп әр таңын ұйқысыз атырып келеді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Тыл еңбеккері 85 жаста. Су тасып, от жағудан қалған. Өзге түгіл өзіне қарайлайтын шамасы жоқ: дімкәс. Таныстары анда-санда қарайласып тұрады. Қартайғанда ешкімге керексіз болып қалғаным ба деп налығанда етегі жасқа толады.
Бәрінен де қатты қинайтыны– баспананың апатты жағдайда тұрғаны. Былтыр үйдің жартысы өртеніп кетіпті. Көрші-қолаң асарлап, жамап-жасқап бергенімен, қыста ит байласа тұрғысыз , суық. Осыдан ширек ғасырға жуық құдай қосқан қосағы қайтыс болғаннан бері жалғыздықтың тауқыметін тартып келеді.
«Аяғын әрең басады, көзі көруден қалды. Қала басшылары қарияның қазіргі ауыр жағдайын ескеріп, жылуы, суы бар уақытша пәтер беруін өтінеміз»,– дейді туысындай болып кеткен көршісі Надежда Архипова.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Әлима Бекназарова Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында мерекелік медаль, 25 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілетінін, ас-суына қарайласатын күтуші тағайындалатынын жеткізгенімен, баспана жайлы тіс жармайды.
Ғайнижамал апай бар ғұмырын еңбекпен өткізген. Тың игеру жылдары вагонға астық тиеген, жүк тасымалдаған. Зейнетақысы–30 мың теңге ғана. Қарттар үйіне баруға үзілді-кесілді қарсы.
Бар арманы–құрқылтайдың ұясындай ғана жылы орын . Басқа ештеңе дәметпейді.
Өмір Есқали.
Дереккөз: КТК арнасы.
Сурет: egemen.kz
• 02 Сәуір, 2015
Петропавлда 85 жастағы кейуананың үйі апатты жағдайда тұр

Аймақтар • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Саясат • Бүгін, 08:43
Ұлттық қордың балаларға шарапаты
Қоғам • Бүгін, 08:40
Саясат • Бүгін, 08:38
Еңбек • Бүгін, 08:35
Қоғамдық диалогтің дәйектілігі артады
Саясат • Бүгін, 08:33
Құқық • Бүгін, 08:30
Пікір • Бүгін, 08:28
Жаһандық рейтингте елеулі орындамыз
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Ата заң жобасы туралы ғалымдар пікірі
Ата заң • Бүгін, 08:22
Ғылым • Бүгін, 08:20
21 шетелдік байқаушы аккредиттелді
Референдум • Бүгін, 08:17
Спорт • Бүгін, 08:15
Балмұздақ өндірісінің «бағы жанды»
Өндіріс • Бүгін, 08:12