03 Шілде, 2015

Павлодар мен Семей арасында 1 018 км жол салынып жатыр (фото)

276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
02.07.2015 PAV-2ПАВЛОДАР. 3 шілде. Телекөпір барысында «Қазавтожол ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Әліпов еліміздегі құрылысы жүргізіліп жатқан   ірі жобалардың бірі – Павлодар-Семей арасындағы жалпы ұзындығы 1 018 шақырым құрайтын жол «Орталық-Шығыс» дәлізі болып саналатынын айтты.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 02.07.2015 PAV-3Қазір жұмыстар аралығы 500 шақырым болатын 16 учаскеде жүріп жатыр. Оның ішінде 100 шақырымы биылғы жылы пайдалануға беріледі. Дәліздің құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың бірі Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелін жұмыстар өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. 02.07.2015 PAV-4Келесі жылы Астананың жолы «Павлодар-Семей» автожолымен осы көпір арқылы жалғасады. Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, облыста индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығында 274 млрд теңгеге 68 жоба іске қосылса, 5 жарым мың жұмыс орындары ашылды. 02.07.2015 PAV-5Жалпы, қазір облыста мұнай, химия, металлургия, теміржол, машина жасау және өнеркәсіптің басқа салаларына қатысты 60 аса өнім түрлері шығарыла бастады.  Бүгінгі күні жобалардың негізгі бөлігі яғни, 53 жоба өндірістік қуаттың жоспарлы көрсеткіштеріне жетті. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі осы жобалардың үлесі 11 пайызды құрап отыр (589 млрд. теңге). Сонымен қатар 7 жоба жалпы құны 500 млрд. теңгеге өнімді экспортқа шығарды. Осының барлығы өңірдің инвестициялық белсенділігіне әсер етті. Жыл сайын инвестициялар көлемі орташа есеппен алғанда 20-25пайызға артуда. Өткен жылы 348 млрд теңгеге жетті. Күні кеше ғана облыс орталығында № 3 жылу электр орталығында энергетикалық қуаттылығы 255 МВТ-ты құрайтын жаңа трубина іске қосылды. Жаңа трубинаны орнату қаланың жылу мен электр энергиясына деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz Сурет: Валерий Бугаев.  
Соңғы жаңалықтар