Адамнан қулық артылған ба? Өткен аптада Қордай ауданындағы «Отар» кеден бекетінде «КамАЗ» көлігі тоқтатылып, құжаттарын тексергенде онда тиелген жүк – макарон, өсімдік майы деп көрсетілген екен. Алайда, тексере келгенде көліктен жалпы салмағы 20-30 тоннаны құрайтын цистерналар табылды. Қырғыз елінен әкеле жатқан бұл ыдыстарға алкогольді өнімдер құйылған. Ал, «Ауқатты» бекетінде тоқтатылған «Лада-21705» көлігіне тиелген жүктің құжатына басқа дүниелер жазылған да, тексере келгенде суық қаруға ұқсайтын зат табылған. Сондай-ақ, маусым айының соңғы күндерінде «Қордай», «Отар» бекеттерінен өтпек болған «Мазда МVP» және «Volvo Fh 12» көліктерінің иелері халық тұтынатын тауарларды, арақ өнімдерін заңсыз алып өтпекке тәуекел етіпті. Бұлар да жалған құжат жасаған. «Volvo 380» жүк көлігінің жүргізушісі Т.Бегметов «Айша бибі» кеден бекеті арқылы 24 дана пластмасса бөшкелерді жасырып алып өтпек болған кезде ұсталды. Әр бөшкеге 1000 литр спирт құйылған. Ал, дәл осы күндері «Отар» кеден бекетінде жүк артқан «Мерседес спринтер» көлігі жол қызметкерлерінің: «Тоқта!» деген бұйрығын елеместен қашып кеткен.
– Маусым айының басында Қаржы министрлігі мемлекеттік Кірістер комитеті импортталған тауарлар бойынша салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуді әкімшіліктендіруді күшейту мақсатында бақылау-профилактикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Осыған сәйкес, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің іс-шаралар жоспары бекітілді. Міне, бұл іс-жоспарлар алғашқы күннен-ақ өз нәтижесін беруде, дейді бұл жөнінде Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Әділбек Әлішев.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше