Шорабек Айдаров айтыс сахнасына алғаш рет 1989 жылы шығыпты. Алғашқы қарсыласы қызылордалық ақын. Ол да Шорабек сияқты ауылдан келген, кәдімгі қарапайым, қап-қара жігіт екен. Шөкең елдің күлкісін келтіріп, құрық ұстағандай қолындағы домбырасын сахнаға мойнынан сүйреп шыққан көрінеді. Бұрын-соңды айтыс әлемінде есімдері мүлдем естілмеген екі жігіттің пошымына көрерменнің көңілі толмай, «Осы екеуі не жарытады?» дегендей, менсінбеген жүзбен қарағандары анық. Содан сахнаға Шорабек қарсыласына қарап: – Қарағым, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай, Қосылса екі маңдай шам жаққандай. Екеуміз Ай мен Күндей боп отырмыз, Вагонға көмір артқан солдаттардай, – деп, жиналған қауымды ду күлдіріп, өткір де ұтымды әзіл сөздерімен елді бірден баурап алып кетіпті. «Әдетте айтыста көрермен ақын бір шумақты қайырғанда күледі емес пе? Бір айтыста елдің Шөкеңнің шумағының әрбір қатарына риза болып, ішек-сілесі қатып күлгеніне куә болғаным бар. Ақынның «Еее-ей, ағайы-е-ен...» деген дауылпаз үнін естігенде-ақ ел елеңдеп, езуіне күлкі үйіріле береді. Осындай өзіндік стилімен, ешкімге ұқсамайтын ерекшелігімен, тауып айтатын қасиетімен елді баурап алды», дейді бұл жөнінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан. Міне, содан бері ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Осы жылдар ішінде Жамбыл жерінен түлеп ұшқан ақын шынында, елдің асыға күтетін, әрбір сөзін ынтыға тыңдайтын ардақты ақынына айналды. Сондықтан Шорабек Айдаровты шоқтығы биік, айтыстың ақтаңгері деп айтуға әбден лайық. Соңғы жылдары айтыста көрінбей кеткен ақынға «Сіз неге айтысты тастап кеттіңіз?» деген сұрақ қойылған-ды. Сонда ақын «Айтысты мен емес, айтыс мені тастап кетті», деп жыр додасында кейінгі жас толқынға жол бергенін айтып, ағынан жарылған-ды. Әйтсе де, арқалы ақын айтысты біржолата доғармаған екен. Бұған Шөкеңнің соңғы кездері бірнеше рет айтыс сахнасына көтеріліп, өз қатары, замандас айтыскерлермен сөз қағыстырғаны дәлел болса керек. Өткен аптада Жамбыл облысындағы Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында Шорабек Айдаровтың 60 жасқа толуына орай республикалық айтыс өтті. «Шоқ тілді шайыр – Шорабек» атты бұл жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 20 айтыскер қатысты. Талас жерін жырға бөлеп, елдің езуіне күлкі ұялатып, елді бір серпілткен бұл доданың бас жүлдесіне Айнұр Тұрсынбаева лайық деп танылды. Бас жүлдегерге 1 миллион теңге табыс етілді. Бірінші орынға астаналық Серікзат Дүйсенғазин, екінші орынға Алматы облысынан келген Айтақын Бұлғақов, ал үшінші орындарға жамбылдық Алтынкүл Қасымбекова мен шымкенттік Ақмарал Леубаева ие болды. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов пен Талас ауданының әкімі Болат Рысмендиев той иесін арнайы құттықтап, ат мінгізді. Және ақынға «Талас ауданының құрметті азаматы» атағын берді. Ал тараздық кәсіпкер Қайрат қажы Момынов той иесіне темір тұлпардың кілтін табыс етті. Бұл күні шоқ тілді Шорабектің құшағы шоқ гүлге толып, ең бастысы көптен айтысты сағынып қалған ағайын бір жадырап қалды.
Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда облысында суды аз қажет ететін дақылдар егіледі
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 11:34
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Қоғам • Бүгін, 11:12
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 11:00
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50