Жуырда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкері Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/4 түзету мекемесіне барып келді. Сапар топтық дене мүшесіне зақым келтіру жәйті бойынша БАҚ-тағы ақпарат тудырған қоғамдық үнқатуға байланысты жасалды.
2010 жылдың 21-22 шілдесінде 37 айыпталған дене мүшесіне зақым келтіру әрекетін жасау арқылы бұл мекемеде ұстау жағдайларына наразылықтарын білдірген. Орталықтың қызметкері мекемеге келген кезде барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілген еді.
Жағдайды зерттеу барысында омбудсмен офисінің қызметкері ЕС-164/4 мекемесінің басшылығымен кездесулер мен сұхбаттасулар өткізді. Сонымен бірге Қылмыстық-атқарушы жүйе комитетінің, прокуратура мен ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесе жеке мәселе бойынша айыпталғандарды қабылдады.
Айыпталғандардың шағымдарында мекемедегі коммуналдық-тұрмыстық жағдайларға көңілі толмаушылық, сумен жеткіліксіз қамтамасыз ету, тамақтандыру сапасы, салалық медициналық мамандардың болмауы, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы бойынша жазаны кешу проблемалары көрініс тапқан.
Қазіргі уақытта мүшені зақымдаушылық дәлелі бойынша облыстық прокуратура өкілдері тексеріс өткізіп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанында жағдайды зерттеу және тұрақтандыру жөніндегі комиссия құрылды, аудандық және облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық мамандары айыпталғандарды қабылдау мен қарауды ұйымдастырды.
Осы мекемеде орын алған жағдайға алаңдаушылықты білдіре отырып, оның басшылығына айыпталғандармен қарым-қатынас жасау мен ұқсас фактілерді болдырмау саласында ұлттық және халықаралық нормалар мен стандарттарды қамтамасыз ету бойынша кідіріссіз шаралар қолдану ұсынылды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.