29 Тамыз, 2015

Ата Заң – елдіктің берік іргесі

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
1424172016489Елдігіміздің еселі болуында осыдан жиырма жыл бұрын қа­былданып, мемлекетіміздің тұрақ­тылық нышанына айналған Қа­зақстан Республикасының Конс­­­­титуциясының алар орны биік. Бүгінгі Ата Заңымыздың қайнар бастауы – тарихтың түкпірінен тар­тылған, ата-бабаларымыздың өмір сүру дағдысымен біте қайнас­қан тұлғалары асқар таудай әз Тәукенің «Жеті Жарғысы», Қа­сым ханның «Қасқа жолының» лайық­ты жалғасы екендігі даусыз. Себебі, адамзат дамуының үшін­ші мың­жыл­дығының қарсаңын­да қабыл­­данған Ата Заңы­мыз еге­мен еліміздің қоғамдық-саяси, әлеу­меттік-экономика­лық өмі­ріндегі аса зор тарихи оқи­ғаның бірі болып қана қоймай, ол респуб­ликамыздағы өрелі өзгеріс­терді: бейбіт өмірге деген құштар­лығымызды, қауымдасуға деген қалауымызды, мемлекетіміздің құқықтық негіздерін, оның саяси жүйесін, азаматтарымыздың құқықтары мен міндеттерін, мен­шік нысандарының сан алуан­дығын дәйектеп берді. Еліміздің басты Заңы – қоғам­ның қарқынды қалауы мен әлемдік жүйенің үздіксіз өзгеріс­теріне төтеп берумен қатар, жасам­паз­дықтың кез келгенінің іске асуына жол ашар мол мүмкіндіктердің «алтын көпіріне» айналды. Конституциямызда өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот буындарына бөлінуі және оның өкілеттіктерінің нақты бел­гіленуі, нарықтық экономика қағидаларының кең көрініс табуы, қоғам өмірін демократия­ландыру үдерістерінің уақыт өткен сайын қарқын алуы, бастан өткерген қаржы дағдарыстарына қарамастан, мемлекетіміздің ме­желі биіктерден көрінуі – зайырлы және құқықтық мемлекет құру жолына түскен республикамыздың әлемнің бәсекеге барынша қабі­лет­ті 30 елінің қатарынан орын алуы­ның басты белгілері деп білеміз. Биылғы жылғы айтулы мерекелер шоғырын құрап отыр­ған – Қазақ хандығының 550 жыл­дығы, Ұлы Жеңістің 70 жыл­ды­ғы, Қазақстан халқы Ассам­б­лея­­сының 20 жылдығының өтпелі экономикалық сынақтарға қара­мастан, «Бәріміз біргеміз, берік іргеміз» ұранын ұстанған кең-байтақ еліміздің 130-дан астам ұлттары мен ұлыстары тарапынан ауызбіршілікте тойланып жатуы да Негізгі Заңымыздың азаматтарымыздың ортақ арман, тілектерін бір арнаға ұштас­тырғандығының жарқын белгісі. Осынау қуанышты сәтті пайдалана отырып, «Егемен Қазақ­стан» газеті оқырмандарын Конс­титуция күнімен құттықтап, шаңы­рақтарына шаттық пен береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ, Әділет министрінің орынбасары, заң ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі.