Мемлекет басшысы реформаларды қатаң бірізділікпен жүзеге асыру қажеттігін және оның мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртудан басталатынын ескертті. Яғни, қазіргі заманғы, кәсіби және автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру – мемлекеттік қызмет жүйесін реформалаудың басты мақсаты.
Бүгінде мемлекеттік қызметте саяси деңгейге тәуелділік әлі де бар. Мемлекеттік аппаратта белгілі бір команданың қалыптасуы жемқорлық үшін жағдайлар туғызады, тамыр-таныстықты арттырады, кадрлық әлеуетті төмендетеді.
Сондықтан мемлекеттік қызметшілер корпусын кәсіби және автономиялы етіп жасау маңызды міндет деп ойлаймыз. Жаңа реформа бойынша мемлекеттік қызметтің карьерлік моделіне көшіп, әрбір басшы меритократия қағидаттары негізінде төменнен бастап барлық басқару сатыларынан өтуі тиіс болады.
Осы орайда, конкурстық іріктеудің маңызы үлкен. Бұл азаматтардың мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етеді, бәсекелестік шарттарын қою арқылы мемлекеттік қызметке кәсіби, білікті мамандарды іріктеуге мүмкіндік береді.
Дүниежүзінің көптеген елдерінде мемлекеттік қызметке қабылдау бірнеше бөліктерден тұратын конкурстық іріктеу процедуралары арқылы жүзеге асады. Конкурсқа қатысушыларды алдын ала оқудан өткізу, тестілеумен бірге, жазбаша және ауызша емтихандар жүргізу, міндетті тағылымдамадан өткізу қалыптасқан.
Осы орайда, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлі күшейіп, «бірыңғай рекрутингтік орталыққа» айналады, яғни барлық мемлекеттік органдар үшін қызметкерлерді өзі іріктеп беріп отырады.
Орталықтандырылған конкурстық іріктеу рәсімі мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу арқылы мемлекеттік қызметке ең адал, талантты, дайындықтан өткен азаматтарды іріктеуге мүмкіндік береді. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Яғни, мемлекеттік органдардағы бос лауазымдарға алғаш рет орналасатын азаматтарды іріктеуге агенттік толығымен атсалысуы қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстық іріктеу, конкурс комиссиясын қалыптастыру тәртібін айқындау, тестілеу тапсырмаларын жетілдіру бойынша жұмыстар агенттік және оның аумақтық департаменттері арқылы іске асқаны абзал. Бұл – өз кезегінде мемлекеттік органдардағы лауазымдарға іріктеу барысында орын алатын түрлі сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алудың бірден-бір жолы. Мемлекеттік қызмет меритократия қағидаты негізінде барлық азаматтарға өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктер берілетін әділ қазақстандық қоғамның түп бейнесіне айналады.
Мемлекеттік қызметті жетілдіру арқылы ғана елдің экономикасы мен қоғамның әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізуге болады. Осы орайда, агенттік және оның аумақтық департаменттері алдында зор міндеттер тұр.
Мұрат ҚАРЫМСАҚОВ,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облыстық департаментінің басшысы.
Қызылорда.

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25