Электролиз зауытының құрылысы осыдан тура он жыл бұрын басталып, 2007 жылы іске қосылды. Ал, 2010 жылдан бастап кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеп келеді. Жылына 250 мың тонна дайын алюминий шығарады. Әлемде теңдесі жоқ алып өндіріс ошағын салуға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тікелей ұйытқы болды. Жаңа технология, инновациялық бағытта салынған зауыт қарапайым адамдардың әлеуметтік мүдделерін жақсартуда маңызды орын иеленіп отыр.
Зауыт жұмысшылары Елбасының әрдайым еңбек адамын қолдайтындығына, елімізде жұмысшы мамандықтарына ерекше көңіл бөлінетіндігіне дән риза. Олар «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынғанын зор қуанышпен қабылдағандарын айтты. «Елбасымыз өз кандидатурасын ұсынуға келісім бергеніне өте қуаныштымын. Еліміздің барлық металлургтері қуанышты деп ойлаймын. Өйткені, ол кісі металлургия саласының дамуына өте үлкен үлес қосты. Мен өзім анод зауытында жұмыс істеймін. Еңбегім тұрақты. Ертеңгі күнге сенімдімін. Еліміздегі жасампаздық істердің әрі қарай дамуына үміттенемін және өз еңбегімді қосуға тырысамын», деді анод өндіру цехының шебері Ержан Төлегенов.
Шараға жиналғандар бұл сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіске жететіндігіне сенім білдірді. Елбасының Қазақ елін әлемдік дағдарыстан аман-есен өткізіп, әлі де талай жеңісті күндерге жеткізетіндігін айтты.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше