Жақында Оңтүстік Кореяның Менгун қаласында өткен VI әлемдік әскери ойындардың грек-рим күресінен спорт шебері Мейрамбек Айнағұлов жеңімпаз атанып, олжалы оралды. Төрт жылда бір рет өткізілетін беделді жарысқа биыл 117 елден 7 мыңның үстінде спортшылар қатысыпты. Қорғаныс министрлігінің армияшылардың орталық спорт клубының қызметшісі Мейрамбек Айнағұлов барлық белдесулерін 10:0 есебімен ұтып, қарсыластарын таза жеңген. Ақтөбелік балуан алдымен жастар арасында әлем чемпионы әзербайжан К.Маммодовтың жауырынын жер иіскетсе, одан кейін 23 жасқа дейінгілер арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері түрік Киразадан, Азия чемпионы, кілем иесі корей балуаны Чой Иннен басым түскен. Ал ақтық бәсекеде Африка ойындарының, Африка құрлығының чемпионы египеттік Х.Махмудті таза жеңді.
Ол – отандық грек-рим күресі мектебінің тарихында мұндай жеңіске жеткен тұңғыш спортшы. Осылайша жас балуан халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Мейрамбектің жеке жаттықтырушылары Рахымжан Бақытжанов пен Қайыржан Бекенбаевтың бұл жолы да үкілі үміттері ақталды.
– Бұл менің ғана емес, жаттықтырушыларымның, мені қолдаған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, грек-рим күресі федерациясының, «Ақпан» компаниясының, барша жанкүйерлерімнің жеңісі, – дейді Мейрамбек Айнағұлов.
Ол Шалқар қаласында туып, өсіп, осындағы В.Цеханович атындағы №1 БЖСМ-да боз кілемнің дәмін татып, жаттығуын бастаған. Жас балуан кадеттер арасында 2011 жылы әлем чемпионы атанды. 2013 жылы ересектер арасындағы Қазақстан Кубогының иегері, өткен жылы ересектер арасында Қазақстан чемпионы, сондай-ақ ересектер арасында Қазақстанның IV жазғы спартакиадасының жеңімпазы болған небәрі 21 жастағы Мейрамбек Айнағұловтың спорттағы алар асуы алда, болашағы бұдан да үмітті.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55