13 Наурыз, 2015

Мұнайшылар қолдауы

337 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуға келісім беруін алдымен құптап, өз үндеулерін асыға жеткізген Маңғыстау мұнайшыларының қара шаңырағы – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ болды. FB_IMG_1426160242164Мұнайшылардың кең залына жиылған еңбек ұжымы алдында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Жүнбасов сөз сөйледі. Кеше ғана Астана қаласында өткен аталмыш партияның кезекті XVI съезінен оралған ол жиылғандарды съезд барысынан ха­бар­дар етті. Елбасының өткенді са­рап­тап, ертеңге бағамдаған міндет-тапсырмаларын, әсіресе, баршаға бір­дей осы заманғы мемлекеттің қа­жетті бес халықтық реформасы туралы таныстырды. Елбасы баяндамасына тоқтала келе, М.Жүнбасов съезде Н.Назарбаевқа биыл сәуір айында өтетін президенттік сайлауға түсуге ұсыныс жасалғандығын, халықтың таңдауы мен ықыласына орай Елбасының ұсынысты қабыл алғандығын мәлімдегенін айта келе, әлемді елеңдеткен алмағайып кезеңде ел тізгінін сенімді қолға беріп, бұған дейін бастау алған жоспар-жобаларды өз деңгейіне жеткізе орындау үшін халықтың таңдауының маңызы зор екендігін алға тартты. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әлеу­меттік бөлімінің маманы Қ.Иманқұлова қара алтынды өндіруші еңбек майда­нының құрыш бі­лек  өкілдері – мұнай­шылардың сайлауға Елбасы Н.На­зар­баевтың кандидатурасының ұсынылуын қуана қолдайтынын жеткізді. ­ – Біздің ұжым Қазақстан Рес­­публикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Нұрсұлтан Әбішұлының қатысатындығы туралы хабарды қуанышпен қарсы алды. Маңғыстау мұнайшылары қашанда Елбасының сенімді серіктері мен тірегі болған, бола да бермек. Мұнайшылар Елбасының халықтың әл-ауқатын көтеруге және Қазақстанның әлем алдындағы беделін нығайтуға бағытталған шешімдері мен жоспарларын бірауыздан қолдап, елдің қоғамдық және саяси өміріне белсенді араласып келеді. Жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикамыздың одан әрі дамуы мен гүлденуінің не­­гізі бола алатын «Нұрлы Жол» бағ­дарламасының да сәтті жүзеге асуына Елбасының басшылығымен қол жеткізе аламыз, деген Қ.Иманқұлова мұнайшылардың Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындықтары жазылған үндеу мәтінімен таныстырды. Дауысқа салынған үндеу бірауыздан қабылданды. «Тәуелсіздігіміздің алғашқы күні­­нен-ақ Елбасымыз еліміздің мұнай өнеркәсібіне әлемнің алдыңғы қатарлы инвесторлары мен үздік технологияларын отандық өндіріске әкелуге күш салды. Ұлттық қордағы миллиардтаған қаражат – Нұрсұлтан Әбішұлының көрегендігі мен ұтымды саясатының жемісі. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжы­мы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде президенттікке кандидат болып ұсынылған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасын бір­ауыздан қолдайды. Облыстың сайлаушыларын 2015 жылдың 26 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына бір кісідей қатысуға шақы­рады» делінген үндеуде. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Маңғыстау облысы. Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.