Оны облыстағы оқу үдерісіне кіргізетін мезгіл жеткен сияқты
Алдымен құлағымызға таңсық естілетін Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі жайлы бірер сөз. Әр баланың жеке тұлғалық қасиетін өзіндік ырғақта дамытуға негізделген әдістемені италиялық педагог Мария Монтессори ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ойлап тауып, көпшілікке ұсынған.
«Алтын бесік» балабақшасының ашылғанына көп бола қойған жоқ. Оның меңгерушісі Мәдина Дарбаева Ресейдің Омбы қаласында өткен конференция кезінде жаңашыл бастамаға ерекше қызығушылық танытқан. Уақытының тығыздығына қарамастан Монтессори жабдықтарын шығаратын фабрикаға барып, сатып алуға келіскен. Жаңа әдістемені меңгерген мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесімен танысып, көрнекі оқу құралдарын ала келген.
Жуырда балабақшаға Монтессори кәсіпорнының директоры Александр Волошин арнайы келіп, шетелдік тәрбиенің ерекшеліктері туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Фабрика 22 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бастапқыда балдырғанның ойлау қабілетін, есептеу жылдамдығын, басқа да тұлғалық қасиеттерін дамытуға арналған 60-қа жуық ойыншық болса, бүгінде олардың саны 700-ден асып жығылады.
– Бұл әдістің дәстүрлі тәрбиеден артықшылықтары көп. Көптеген елдерде қолданылады. Ресей мен Қазақстанға да енгізілуде,–деді Александр Васильевич ата-аналармен, тәрбиешілермен кездесуде.
Облыста алғаш қолданылғанына қарамастан балабақша қызметкерлерінің біраз тәжірибе жинақтап қалғаны аңғарылады. 1 миллион теңгенің жабдықтары орнатылған Монтессори кабинетіне тәрбиеленушілер құлшына келетін көрінеді. Монтессори кабинетінде сабақтардың қызықты да мазмұнды ұйымдастырылатынына біз де куә болдық. Балақайдың өз қалауымен таңдау жасауына, бір-бірін сыйлау мүмкіндіктеріне жол ашу Монтессори жүйесіне тән сипаттардың бірі ме деп қалдық. Біз балабақшаға бас сұққанымызда мұғалім Айгерім Шәріпова бүлдіршіндерге математика пәнінің заңдылықтарын және жанартау лавасымен тәжірибе жасауды үйретіп жатыр екен. Ал, жас тәрбиеші, қалалық сайыстың жүлдегері Әсем Қабдолованың Монтессори педагогикасының элементтерін ересек топтарда сауат ашу сабағында қолдануы құптарлық. Оның тобында тәрбиеленген Мәдина Сәкен 1-сыныпқа арналған тест тапсырмаларын орындауда ең жоғары ұпай жинаған.
Әділ Қаныбек есімді азамат екі ұлының Монтессори кабинетіне барғалы жан-жағындағы құбылыстарды, заттарды білуге, зерттеуге деген құлшыныстарының артқанын, көп нәрсені ата-ананың көмегінсіз атқаратынын сүйсіне жеткізді.
Олай болса, балабақшадағы Монтессори жүйесін өңірдегі білім беру мекемелеріне де ұсынсақ, ұтарымыз көп.
Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,
журналист.
Петропавл.

Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05
Баға өсімі баяуласа, тұрмыс түзеле ме?
Баға • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:58
Жетісудың су қоры: Түйінді мәселелер мен тиімді шешімдер
Талбесік • Бүгін, 08:55
Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды
Оқиға • Бүгін, 08:53
Жабайы қызғалдақтар қорғауды қажет етеді
Талбесік • Бүгін, 08:50
Қыздардың еншісінде – бес медаль
Бокс • Бүгін, 08:48
Айбын • Бүгін, 08:45
Жәдігер • Бүгін, 08:43
Келісімшарт кәсіби армияның тірегі ме?
Әскер • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:38
Айбын • Бүгін, 08:35
Шегірткеге қарсы күрес қарқын алды
Мәселе • Бүгін, 08:33