Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттер басшылары негізгі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың жолдарын талқылады. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше маңызды жайттар жөнінде әңгіме өрбіді.
Нұрсұлтан Назарбаев екі ел халқының тарихи, тілдік және мәдени жақындығына назар аударды.
– Қырғызстанда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы, елдің дамуының жалғасуы, мықты мемлекет болуы – барлық қазақстандықтардың ойы осы, – деді Қазақстан Президенті.
Алмазбек Атамбаев екі ел арасындағы достық пен тату көршілестік қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғызстан халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа I дәрежелі «Манас» орденін тапсырды.
Қазақстан Президенті жоғары награда үшін алғысын білдіріп, өзара ықпалдастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
– Бұл наградаға лайық болуға, елдеріміз арасындағы достық пен бауырластықты нығайтуға, қарым-қатынасымыздың деңгейін одан әрі арттыруға тырысамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55