АСТАНА. 13 наурыз. Қытайдың атақты киноактері Джеки Чан Бейжіңнің 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына үміткерлігін қолдап, ән шырқамақ. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) өткен жылдың шілдесінде негізгі үміткер ретінде үш қаланы бекітті. Бейжіңнен бөлек, біздің Алматы мен Норвегия астанасы Осло да ақ Олимпиададан үмітті еді. Алайда, 2014 жылдың қазанында Норвегия өз еркімен бас тартып, негізгі талас Алматы мен Бейжің арасында өтетін болды.
Қазір ХОК-тың бағалау комиссиясы екі қаланың мүмкіндіктерін саралауда. 14-18 ақпан күндері Алматыға келген өкілдер біздің мүмкіндігімізді жоғары бағалады. Енді 24-28 наурыз аралығында сол комиссия Қытай астанасына ат басын тірейді. Бүгінде Шығыстағы көршіміз осы сынаққа қызу дайындалуда. Тіпті белгілі киноактер Джеки Чан да Олимпиаданың өз елінде өтуі үшін аянып қалатын емес. Ол ХОК өкілдері алдында Бейжіңнің үміткер қала ретінде ұсынылған «Оян, қыс» атты ресми әнін орындамақ.
Аталған Олимпиада ойындарының астанасы осы жылдың 31 шілдесінде ХОК-тың кезекті сессиясында белгілі болады. Бұл жиын Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтеді. Егер Бейжің жеңіске жетер болса, жазғы және қысқы Олимпиада ойындарын өткізген алғашқы қала ретінде хатқа түспек.
Джеки Чанның актерлік қырынан басқа, әншілік қабілеті де өте жоғары. Тіпті бүгінге дейін 11 ән жинағын шығарған ол өз елінде кәсіби әнше ретінде де танымал. Сондай-ақ, оның 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында ән шырқағанын айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: superchanblog.blogspot.com.

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше