АСТАНА. 13 наурыз. Алматылық полицейлер журналист Илона Екшембаеваның өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, 44 жастағы алматылық ер адам Илона Екшембаеваның азаматтық некедегі күйеуі болған. Олар ішімдік ішкен соң өзара жанжалдасып қалып, оның соңы қайғылы жағдайға апарып соққан. Күдікті еш жерде жұмыс істемейтін көрінеді.
Қазір аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 99-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша оқшаулау камерасына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Айта кетейік, күні кеше ақпарат құралдарында 40 жастағы журналист Илона Екшембаеваның мүрдесі Алматыдағы үйінен табылғаны туралы хабар тараған.Полицейлердің айтуынша, оны пышақтап өлтірген. Журналист «Литер» басылымында, қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген.
Жолдыбай Базар.
Дерек: Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: alashainasy.kz.
• 13 Наурыз, 2015
Алматыда журналисті өлтірді деген күдікті ұсталды

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше