АСТАНА. 13 наурыз. Пәкстан билігі елдегі өлім жазасына жарияланған мораторийдің күшін жойды. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
Ел билігі өткен жылдың 16 желтоқсанында болған Пешавар қаласындағы лаңкестік оқиғадан кейін осындай шешім шығарды. Айта кетейік, 2014 жылдың соңында лаңкестер Пешавардағы мектептердің біріне шабуыл жасап, соның салдарынан 150 адам мерт болды. Оның 130-ы мектеп оқушысы еді. Осы қайғылы оқиғадан кейін Пәкстанда лаңкестікпен күрестің ұлттық жоспары қабылданып, бірқатар жұмыс қолға алынды.
Нәтижесінде 16 мың арнайы операция өтіп, 12 мыңнан астам адам қамауға алынды. Соның ішінде 140 адамға лаңкестермен байланысы бар деген айып тағылуда.
Желтоқсандағы лаңкестік оқиғадан кейін Пәкстанның премьер-министрі Наваз Шариф өлім жазасына мораторийдің толық күшін жою туралы шешім шығарды.
Бұл елде аталған мораторий 2008 жылы жарияланған еді. Соған орай, тек лаңкестік әрекеттерге қатысы бар қылмыскерлерден басқасының барлығы ең ауыр жазадан аман қалып келді. Енді бұл шешімнің күші жойылуына байланысты ауыр қылмыс жасаған кез келген қылмыскер өлім жазасына кесілуі әбден мүмкін.
Еламан Қоңыр.
Дерек: nur.kz.
Сурет: polit.ru.
• 13 Наурыз, 2015
Пәкстанда өлім жазасына мораторий толық күшін жойды

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше