Сенбі күні «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Астана қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Кездесуге жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы, «Егемен Қазақстан» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықов, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұханбетқалиұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, академик Сейіт Қасқабасов, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Мырзакелді Кемел, көрнекті ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Намазалы Омашев, Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы және басқа белгілі тұлғалар қатысты. «Дағдарыстар – өтпелі, құндылықтар – мәңгілік» тақырыбымен өткен жиында партияның елдің мәдени-рухани дамуындағы, қоғамның бірлігі мен ынтымағын арттырудағы қызметі мен мақсат-міндеттері, Елбасы ұсынған Ұлы дала ұғымын қалыптастыру және осынау жалпыхалықтық істегі зиялы қауымның рөлі сөз болды.
Ұлттың мәдени-рухани өркендеуі елдің тұтас дамуында аса маңызды орын алатынына тоқталған партия Төрағасының бірінші орынбасары өз сөзінде елдегі жетекші саяси күш ретінде «Нұр Отанның» атқарып жатқан жұмыстары туралы әңгімеледі.
«Елбасы халықтық бес реформада болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыруда мемлекет құраушы ұлт ретінде халқымызға ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап көрсетті. Осынау істе өздеріңіздей ел жақсыларының атқаратын рөлі ерекше. Мемлекет басшысының тәуелсіздікті нығайту жолындағы батыл бастамаларының жүзеге асуы елдің мәдениеті мен әдебиетінің, өнерінің дамуына сүбелі еңбек сіңірген сіздердің көз алдарыңызда. Алдағы уақытта қоғамды осы қол жеткен жетістікті әрі қарай жалғастыруға жұмылдыру парыз. Бүгінгі кездесуде басты мақсат – өздеріңізбен осы мәселе бойынша ой бөлісу», – деді А. Мырзахметов.
Партия Төрағасының бірінші орынбасары «Дағдарыстар – өтпелі, құндылықтар – мәңгілік» тақырыбымен өткен кездесу барысында жаһандық экономикалық қиындықтар тұсында еліміздің сын-қатерлерден сүрінбей өтуі үшін қоғамдағы бірліктің нығая түсуі барынша маңызды екеніне, осы тұста зиялы қауымға үлкен сенім артылатынына тоқталды. Сонымен қатар, жиында Елбасының Қазақстанды әлемге Ұлы дала ұранымен таныту жөніндегі идеясының көкейкестілігі, осынау ұғымды ұлттық бренд ретінде қалыптастыру мәселесі жан-жақты айтылды.
Бүгінде партия 865 мыңнан астам нұротандықтың басын қосып отырған болса, соның ішінде зиялы қауымның үлесі ауқымды. Ел игілігі жолындағы бастамаларға қоғамды жұмылдыруда партияластардың 30,4%-ын, яғни 263 341 адамды құрайтын білім мен ғылым, мәдениет саласының өкілдері аса үлкен күш. Олар партияның қоғамның бірлігі мен ынтымағын бекемдеуге бағытталған кешенді де ауқымды шараларына сүбелі үлес қосып келеді.
Биыл барша Қазақстан халқы кеңінен мерекелеп жатқан Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерекелеріне «Нұр Отан» партиясы айрықша басымдық беріп, осы атаулы мерейтойлар аясында түрлі шаралар өткізіп келеді.
«Нұр Отан» қоғамда бірлік пен ынтымақты сақтау мен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Мәдениет пен өнерді қолдау жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесі алаңында білім мен мәдениетті сақтау және дамыту, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту сияқты көкейкесті мәселелер кеңінен талқыланып, шешімін табуда.
Әр кездегі отырыстардың қорытындысы бойынша Парламент пен Үкіметке, тиісті министрліктерге мәдениет пен руханияттың түрлі бағыттарын дамытуды көздеген 300-ге жуық нақты ұсыныстар әзірленіп, жолданды. Бұл ұсыныстар Кеңестің тұрақты қадағалауында.
Әңгіме барысында отандық мәдениетті дамыту мәселелері мен бүгінгі әдебиеттің беталысы жайлы сөз болды. Зиялы қауым өкілдері ұлттық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесі, дәстүр сабақтастығы туралы өрелі әңгімелер айтып, ашық пікір алмасты.
Кездесудің соңында партия Төрағасының бірінші орынбасары қонақтарды Конституцияның 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15