ОРАЛ. 13 наурыз. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округінің әкімі Қуантай Рашқалиев мемлекеттік қызмет этикасына сәйкеспейтін теріс іс-әрекет көрсеткен. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Әкім биылғы жылдың 5 ақпанында ауыл әкімдігі ғимаратында азаматша А.Биғалиеваны балағаттаған. Осыған байланысты ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің тиісті бабы мен тармағына сәйкес айыпты деп танылды. Соған сай оған он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұған қоса, Бөкей ордасы ауданы әкімі берген мінездемеде Қ.Рашқалиевтің еңбек тәртібін сақтай бермейтіні, жұмыс уақытында ішімдік ішетіні көрсетілген. Мұндай теріс қылықтары үшін аудан әкімінің өкімімен ол қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Осыны ескере келіп ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесі өз отырысында оны Ар-намыс кодексі талаптарына сәйкес қызметінен босату туралы ұсыныс жасады.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: maxpark.com.

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше