ПЕТРОПАВЛ. 13 наурыз. Сауалдамаға қатысқан 9-11 сынып оқушыларының үштен бірі техникалық мамандықтар алғылары келетінін жазған. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Әлеуметтік сауалдамаға облыс орталығы мен 13 ауданнан 6 мың оқушы тартылып, өздерінің таңдауларын жасаған. Оның қорытындыларына қарағанда, 3 мың оқушы мектептен кейін колледжге түсуді жөн көрген. Олардың 1 518-і өңірдегі оқу орындарында , 955-і еліміздің өзге аймақтарында, 550-і көрші Ресейде білім алғанды жөн көрген. 2 716 түлек жоғары білімді маман атануға ниетті.
Сауалдамаға қатысқан түлектердің 35 пайызының техникалық мамандықты таңдауы қуантарлық құбылыс. Жыл өткен сайын техникалық мамандықты қалаушылардың үлесінің артып келе жатқаны байқалады. Мұның өзі Елбасының Инновациялық- индустрияландыру туралы идеясын жастардың қолдап отырғанын көрсетсе керек, дейді сарапшы Ирина Торопова.
Өмір Есқали.
Дерек: Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz
• 13 Наурыз, 2015
Солтүстікқазақстандық үш түлектің бірі техникалық білімді таңдайды

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше