13 Наурыз, 2015

Қостанай облысы су тасқынына дайындықты қорытындылады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13.03.2015 Su tasqynyҚОСТАНАЙ. 13 наурыз. Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов су тасқынына қорытынды дайындығына қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қостанай қаласында құрамында  құрылымдық коммуналдық және жол кәсіпорындары, полицейлер мен құтқарушылар, өрт сөндірушілер  бар облыстық жедел әрекет ету жасақтарының байқауы өтті. Бұл биылғы су тасқынын ауыздықтауға соңғы дайындық болып саналады.   Қалалық жағажай аймағы алаңына 157 құтқарушы  тізілді, 71 техника қойылды.  Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Талғат Кәкімов облыс әкіміне су тасқыны кезеңінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға жасақтың дайындығы туралы баяндады. Биылғы жылы өңірде қыста қар аз түсті, біздің өңіріміз үшін орта тәуліктік температура да нормадағыдан жоғары, осыған орай биылғы жылы су тасқыны нормасы өз қалпында болады.  Бірақ та, облыстың барлық апаттық қызметі мен ТЖД бөлімшелерімен бірлесе төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет етуге толық дайындық болуы тиіс. Солтүстік ӨАЖҚЖ  техникасын байқау кезінде, облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов биылғы жылы қанша техникалар мен құралдар жаңартылғаны жөнінде сұрады.  Өңір басшысы Қостанай құтқарушыларын жұмысты адал атқарғаны үшін, ТЖ жою бағытында, құтқару операцияларын жүргізу кезінде кәсіби және білікті әрекеттері үшін алғыс айтты. Н. Садуақасов жасақты қарауды қорытындылай келе – ТЖ туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін су басатын мекендерді тұрақты бақылауға алу керектігін ескертті. Нәзира Жәрімбетова. Дерек: egemen.kz Сурет: egemen.kz