АТЫРАУ. 12 наурыз. Атыраудағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері «Атырау – Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен флешмоб өткізді. Сол арқылы «Нұр Отан» партиясының Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын кезектен тыс президент сайлауына ұсынуына қолдау білдірді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Флешмобты өткізуге «Қазақстан–2050» жалпыұлттық қозғалысы, Атырау еріктілер корпусы мен «Жас Отан» жастар қанаты секілді қоғамдық ұйымдар қолдау білдірді. Қолдарына Елтаңба мен жалаушалар ұстаған жастар Әнұранды, «Елім менің», «Көк Тудың желбірегені» және «Атамекен» сынды патриоттық әндерді шырқады. «Бұл флешмобты өткізудегі басты мақсат – алғаш рет дауыс беретін замандастарымыздың сайлауға қатысу белсенділігін оятып, елдің келешекке сенімділігін нығайту. Өйткені, біздің Қазақстанымыз – өзіміздің әлеуетімізді көтеріп, жан-жақты дамуымызға ең қолайлы ел. Сол себептен, біз еліміздің келешектегі игілігі үшін өз таңдауымызды жасаймыз», – дейді «Атырау – Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Ғилажев.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.
• 13 Наурыз, 2015
Атырау жастары «Нұр Отан» партиясының ұсынысын қолдады

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше