АҚТАУ. 13 наурыз. Ақтауда он жасар ер баланы көлікпен қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қайғылы оқиға 2014 жылдың 18 қарашасында болған еді. Сол күні Ақтау қаласындағы 2, 3 және 3б шағынаудандар арасындағы қиылыста он жасар Қадіржан Сәтимановты көлік қағып кетеді. Ауыр халде Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілгенмен, жас бала он күннен соң есін жимаған күйінде қаза тапты. Алайда, оқиға орнынан бой тасалап үлгерген күдіктіні табу оңайға соққан жоқ. Тыңғылықты іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, жауапсыз жүргізуші қолға түсті.
Қазіргі таңда іс Ақтау қалалық прокуратурасына жөнелтілген. Енді жүргізуші Ж-ның тағдырын сот шешетін болады.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: auto.gazeta.kz.
• 13 Наурыз, 2015
Ақтауда адам өлтіріп қашып жүрген жүргізуші қолға түсті

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше