ӨСКЕМЕН. 13 наурыз. Өскемен қаласының құқық қорғау қызметкерлері жас қыздарға «көз алартқан» күдіктіні анықтады. Полицейлердің қолына түскен ол өзінің оқушы қыздарға шабуыл жасағанын мойындады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тарата айтар болсақ, осыдан екі күн бұрын оқушылардың ата-аналары полицияға шағымданып, көпқабатты үйдің кіреберісінде белгісіз ер адамның қыздарына тиіскенін айтқан болатын. Сақшылар шағымды қабылдап, аталған істі қатаң қадағалауға алған еді. Келесі күні құқық қорғау қызметкерлері күдікті туралы мәліметтерді анықтап, оны ұстаған.
– Жедел қолға алынған іздестіру шараларының нәтижесінде Глубокое ауданының бұрын сотталған 32 жастағы тұрғыны қолға түсті. Ол өзінің заңға қарсы іс-әрекетке барып, оқушы қыздарға емініп, тиіскенін мойындады. Қазір уақытша оқшаулау изоляторына қамауға алынды, – деді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.
Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама жұмыстары тағайындалды. Сондай-ақ, оның психикалық жағдайы да тексеріліп жатыр.
Думан Анаш.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: yk-news.kz.
• 13 Наурыз, 2015
Өскеменде оқушы қыздарға қауіп төндірген күдікті ұсталды

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше