АСТАНА. 13 наурыз. Қатарында 2 милн.-нан астам мүшесі бар Кәсіподақтар федерациясы іс басындағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезектен тыс президенттік сайлауға кандидатурасын ұсынуын толығымен қолдайды. Кәсіподақ төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Қ.Айтуғанов: «Қазақстанда еңбек адамы үшін қажетті барлық жағдай жасалып отыр. Ел Президенті бастамашы болғаны «Нұр Жол» бағдарламасы аясында жүздеген мың жұмыс орындары ашылуда. Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толығымен орындайды», – деді.
Кәсіподақтар федерациясының негізгі міндетін түсіндіре кетер болсақ, ол әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеп, іске асыруға ықпал етеді, жалдамалы жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауды ұйымдастыруда түрлі жұмыстар жүргізеді және демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының мүшесі ретінде елдің қоғамдық-саяси өміріне атсалысады.
Федерацияның баспасөз қызметі хабарлағандай, атқарушы комитет мүшелері ел Президентінің кәсіподақ қозғалысын қалыптастыру және дамытудағы рөлін атап өтіп, Елбасы саясатының арқасында еңбеккер мемлекеттің басты тірегіне айналғанына басты назар аударып отыр.
– Президенттің Қазақстан халқына Жолдаулары, стратегиялық құжаттар мен мемлекеттік бағдарламалар елдің табысты әлеуметтік-экономикалық дамуына, еңбеккер мәртебесінің өсуіне, әлеуметтік-еңбек қатынастарының жетілдірілуіне, жұмыссыздықты азайту, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіподақтардың азаматтық қоғамды қалыптастырудағы рөлінің артуына бағытталған, – деп атап өтті Кәсіподақтар федерациясы атқарушы комитетінің мүшелері.
Жолдыбай Базар.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: old.vkp.ru.
• 13 Наурыз, 2015
Кәсіподақтар федерациясы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайды

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше