АСТАНА. 13 наурыз. Алматыда «Нұр Отан» партиясы атынан ел Президенттігіне ұсынылған үміткер – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау науқанына қолдау көрсету мақсатында қалалық қоғамдық штаб құрылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың басты сенімді өкілі және республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ұйғарымымен Алматы қалалық қоғамдық штабының жетекшісі болып Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов тағайындалды.
Бүгін штабтың алғашқы отырысында Рахман Алшанұлы қатысушыларға алдағы жұмыстар жөнінде баяндады.
«Сайлауға қатысты қоғамдық штаб құрылды. Осы жұмысқа қатысуға келісім бергендеріңізге үлкен рахмет! Сіздер енді Елбасының сенімді өкілісіздер. Жұмысымыз ресми түрде алдағы 24 наурызда басталып, бір ай уақытқа созылады. Ал 25 наурыз - сайлау алдындағы тыныштық тәулігі болып саналады. Біз бүгінгі штабтың құрамына қоғамның түрлі салаларының өкілдерін, қоғамға белгілі тұлғаларды жинадық. Алдымызда маңызды жұмыстар күтіп тұр. Алматы қаласында миллионға жуық сайлаушылар бар. Сондықтан алдағы бір ай мерзім ішінде түрлі еңбек ұжымдарымен, білім және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлерімен, жоғары оқу орындарының студенттерімен және басқа ұжымдармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуіміз керек», – деді Р.Алшанов.
Айта кетейік, Алматы қалалық қоғамдық штабының құрамына барлығы 50 адам топтастырылды. Олар 3 адамнан 16 топқа бөлінді. Олардың ішінде Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясының директоры Аягүл Миразова, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Локомотив» АҚ филиалының директоры Болат Оспанов, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динар Нөкетаева, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымы төралқасының төрағасы Рүстем Қайдаров бар.
Қазіргі таңда Алматы қаласында барлығы 523 сайлау учаскесі бар. Әрбір сайлау учаскесінде қалалық штаб тарапынан үш сенімді өкілден болады. Сонымен қатар қаланың 8 ауданында Елбасы Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау мақсатында қоғамдық штабтар құрылады.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».
• 13 Наурыз, 2015
Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау штабы құрылды

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше