21 Тамыз, 2010

Құқық бұзуға бейім балалар арасындағы қылмыстың алдын алу ісі жақсарып келеді

3290 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қыл­мыс­ты болдырмау, оның ал­дын алу шараларын жүргізу, олардың құқықтық білімін арттыру – жергілікті мем­ле­кеттік органдар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті десек,  бүгінгі күні облыстағы білім беру саласы жұмысында жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушы­лық пен қылмыстың алдын алу – өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Премьер-Министр К.Мә­сі­мов облысқа іс сапары ке­зінде облыстық білім бас­қар­масына кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен балалардың па­на­сыз, қараусыз қалуының алдын алу, олардың бос уа­қы­тының тиімді  ұйымдас­ты­ры­луына байланысты тапсыр­малар берген болатын. Бай­қа­ғанымыз, бүгінде осыған орай бірқатар мазмұнды жұмыстар жүргізіле бастапты. Атап айтқанда, жалпы бі­лім беретін мектеп оқушы­ла­ры арасында осы мақсатта құ­қықтық тәрбие жұмыста­рын жетілдіру, қылмыстың ал­дын алу және болдырмау жөніндегі облыстық білім басқармасының жеке жылдық жұмыс жоспары және облыс­тық ішкі істер департа­менті­мен бірлескен жылдық жұ­мыс жоспары жасалынып, ба­ғыттары айқындалыпты. Сөйтіп, облыстық білім бас­қар­масының алқа мәжілістері мен кеңестерінде осы жос­пар­ға сәйкес кәмелетке тол­ма­ған жасөспірімдер арасын­дағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу  мәселелері тұрақты түрде қарала бастаған. – Оқушылар арасындағы құ­қық бұзушылық пен қыл­мыстың алдын алу мақса­тын­да облыстағы 366 мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңестер құрылса, облыстық ішкі істер депар­та­ментінің кәмелетке толмаған­дар ісі жөніндегі бөлімімен бірігіп жасалған ереже бой­ын­ша 92 мектепте жоғары сы­нып оқушылары арасында “Жас полицейлер” отряды және Тараз қаласы мектеп­терінде мектеп оқушылары­нан құралған “Қайсар” отря­ды, 379 мектепте нарколо­гиялық бекеттер жұмыс іс­тей­ді. Сонымен бірге, бүгінде об­лыс мектептерінде 1508 спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған 29773 оқушы тар­ты­лып отыр. Бұл барлық оқу­шылардың 16,4 пайызы. Ал 32 балалар мен жасөспірім­дердің спорт мектептеріндегі 1118 секцияға 13659 оқушы, яғни барлық оқушылардың 7,6 пайызы қамтылған, – дей­ді облыс әкімдігі білім басқармасы бастығының мін­детін атқарушы Сұлушаш Құрманбекова. Қылмыстың алдын  алу­дың бірден-бір жолы – оқу­шылардың мектептен тыс уа­қытта қосымша біліммен қам­тылуын дұрыс ұйым­дас­тыру. Бүгінгі күні облыстағы мектептен тыс 34 білім меке­месінде 16800 оқушы қосым­ша біліммен қамтылса, оның ішінде Тараз қаласында орна­лас­қан 3 мектептен тыс ме­кемеде 6073 оқушы қосымша білім алуда. Облыстағы 32 гимназия, лицей, дарынды ба­лаларға арналған білім ме­кемелерінде 20383 оқушы сабақтан бос уақыттарында өз қызығушылықтарына қарай түрлі үйірмелерге қатысады екен. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдыр­маудың тағы бір іс-шаралары – түрлі әскери-патриоттық, спорттық байқаулар ұйымдас­ты­рып, клубтар жұмысын жандандыру екені белгілі. Осы мақсатта облыс көле­мін­де  мектептер мен кәсіптік ли­цейлердің, колледждердің оқушылары арасында 12 жыл қатарынан “Сапта жүріп ән айту” әскери-патриоттық бай­қауы  өткізіліп келе жат­қа­нын айта кету керек. Бү­гін­де облыста 28 мектепте әске­ри-патриоттық клубтар құры­лып, оған 1604 оқушы қам­ты­лыпты. Сонымен бірге, мек­тепішілік олимпиадалар мен мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталық базасында 12-14 жасар жас өскіндерге арналған “Ұлан” әскери-спорт­тық клубы, 9-10 сынып оқушыларына арналған “Құт­қарушылар мектебі”, 6-17 жасар балаларға арналған “Мерей” өнер мектебі, сол сияқты “Тараз барыстары”, “Полицейлер академиясы” сияқты әскери-спорттық ба­ғыттағы мектептер де жұмыс істейтінін көріп сүйсіндік. Облыс мектептерінде құ­қық­тық білімдер бойынша олим­пиада өткізу де дәстүрге айнала бастапты. Ал әрбір айдың екінші сейсенбісі құ­қықтық білім беруге арнал­ған. Осы атқарылған жұмыс­тар­дың нәтижесінде кәме­лет­ке толмаған жасөспірімдер  ара­сындағы қылмыс саны азая түскен. Мысалы, облыс­тық ішкі істер департа­ментін­де биылғы жылдың 6 айында кәмелетке толмаған жасөспі­рімдер арасында 90 қылмыс тіркелген болса, бұл өткен жылдың 6 айымен салыстыр­ғанда 11-ге кеміп, 10,9 пайыз­ға төмендеген. Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қыл­мыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұр­ған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыға­ды. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағ­ды­рына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүрген­дерін қадағаламауынан пайда болады. Сондықтан тәртібі нашар, ішкі істер орган­дарын­да есепте тұрған оқу­шылармен жүйелі жұмыс жүргізуден жалықпау керек сияқты. Бізді риза қылғаны, облыстағы білім беру ұйым­дарында құрылған қамқор­шы­лық және ақсақалдар ке­ңе­сінің тарапынан бүгінде маз­мұнды жұмыстар да атқа­рылуда екен. Атап айтқанда, Тараз қаласының 38 білім мекемесінде осындай қам­қор­лық кеңестері құрылып, “Білім туралы” Заңның 44 бабының 9 тармағына және Білім және ғылым министр­лігінің білім беру ұйым­да­рында қамқорлық кеңесін құру, оның жұмысын үйлес­тіру туралы әдістемелік нұс­қаулығына сәйкес көп жұ­мыс­тар атқарылған. Соның нәтижесінде 38 мектеп бой­ынша құқық бұзуға бейім 382 бала қамқорлыққа алынған. Олардың ішінде 201-і жетім, 191-і ата-анасының қамқор­лы­ғынсыз қалған балалар екен. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.