03 Қыркүйек, 2010

Түріктердің 30-шы халықаралық “Нұрорда” мектебі Өскеменде ашылды

878 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Білімі мен ғылымы дамыған елдің мәртебесі мен абыройы асқақтай беретіні белгілі. Биыл өр Алтайдың өрінде білім ошақтары бірінен кейін бірі ашылып жатыр. Шырайлы Шы­ғыста қазіргі күні 20 мектептің құры­лысы қызу жүріп жатыр, оның оны күзге дейін пайдалануға берілмек. Бірінші қыркүйек – Білім күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев “Нұр­орда” халықаралық мектебін салта­натты жағдайда ашты. Бұдан 19 жыл бұрын “KATEV” халықаралық қоғамдық қоры Қа­зақ­станда алғашқы білім ордасын аш­қан болатын. Еліміздің тәуелсіз­­дігін бірінші болып таныған түрік қан­дастар осымен 30-шы білім ор­дасын іске қосып отыр. Оның құры­лысына 694,5 миллион теңге қар­жы салды. Мұнда оқушылар төрт тілде білім алады, барлық жағдай жаса­лын­ған. Біз мектеп директоры Ша­бан Жош­күн мыр­заға алғыс айта­мыз, шәкірт­тердің терең білім алуы­на сәттілік тілей­міз, деді өңір басшысы. Үш қабатты мектеп іші айнадай жарқырайды, кабинеттер мен дәріс алатын орындар жиһаздармен жаб­дық­талған. Ата-аналар облыс бас­шы­­сымен бірге мектепті аралады. Сол күні облыс әкімі Б.Сапар­баев қаладағы №1 қазақ орта мек­тебі мен Шығыс Қазақстан гума­нитарлық колледжінің алғаш­қы қоңырауына қатысты, ұстаз, шәкірттермен әңгімелесті. Оңдасын Елубай.