03 Қыркүйек, 2010

Сапа – бәсекелестік көрсеткіші

856 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Күн өткен сайын адамдар өмір­­дің жаңа қағидасына жаңа та­лаптармен бейімделіп келеді. Кез келген қоғамда тауар өтім­ділігін оның сұранысы мен ұсы­нысы анықтайтыны белгілі. Ал сұраныс пен ұсынысқа деген тұ­тынушылар мен өндірушілердің қызығушы­лық­тары тауардың сапасына келіп тіреледі. Бір жа­ғы­нан сапа көр­сеткішінің жақ­са­руы тауар өн­дірушілердің бәсе­ке­ге деген жауапкершіліктерін жетілдіреді. Отандық өнімдеріміздің бәсе­ке­ге қабілеттіліктерін сараптау мақ­сатында “Алтын сапа” бай­қауы тұрақты  түрде өтіп келе жат­қаны мә­лім. Мінеки, сол се­бепті де еліміз бойынша жер-жер­де өңірлік байқаулар өткізілуде. Кеше осын­дай байқаулардың бірі – Астана қаласы әкімдігі мен өнеркәсіп бас­қармасы ұйым­дастырған “Ас­та­на­ның ең үздік тауары-2010” сапа саласындағы көрме-конкурсына біз де қаты­сып, елордалық тауар өнімдері сапасының деңгейін өзімізше бағалап қайттық. Байқауға Астана қаласы аума­­ғындағы қызмет көрсету түр­лері мен тауар өндіру бой­ынша қыз­мет ететін қаладағы жеке кә­сіп­келер мен кәсіп­орын­дар қатыс­ты. Байқау барысында сарапшы комиссия “Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауарлар”, “Халық тұты­натын үздік тауар­лар” және “Үздік азық-түлік тауарлары” номина­ция­лары бой­ын­ша үздік кәсіп­орындарды анықтайды. Елорданың өңірлік көрме-конкурсына қаланың 23 кәсіп­ор­ны қатысты. 11 кәсіпорын өндіріс­тік тауарлар ұсынса, 8 мекеме ха­лық тұтынатын тауарлар, 4 мекеме азық-түлік тауарларын ұсынды. “Қазақстанның үздік тауар­лары” көрме-конкурсы кәсіп­орын­дар мен мекемелерді және жеке кәсіпкерлерді ынталанды­ру­ға, отандық өнімдердің сапа­сын арт­тыруға, Қазақстан ры­но­гын жоғары сапалы әрі бәсекеге қа­білетті өнімдерге толтыруды, мақ­сат етеді. Сондықтан да тауар­дың сапасына ерекше мән берудің де өзіндік мәні бар. Көрме-конкурсы барысында Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығы­ның міндетін атқарушы Рыскүл Қалдыбаева: “Барлық облыс­тар­да, қалаларда өтіп жатқан өңірлік бай­қауларға өз өнімдерін ұсына­тын­дардың саны 25-тен аспайды. Сон­дықтан Астана үшін 23 қаты­сушы аз емес. Елордада 70-ке тар­­та орта және ірі өнеркәсіп тауар­ларын шығарушылар тір­кел­­ген. Ал шағын және орта кәсіп иелерінің саны шамамен 77 мыңға жуық­тайды. Оның  60 пай­ызы қызмет көрсету және сау­да-саттықпен айналысатын субъектілер” – деп биылғы бай­қаудың ерекшелігіне тоқталды. Осы өңірлік байқаудан жеңіп шық­қан жеңімпаздар респуб­ли­калық “Алтан сапа” көрме-конкурсына қатысып, Қазақстан Республикасы Президентінің “Сапа саласындағы жетістігі үшін” сыйлығы жолында бақтарын сынайтын болады. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.