03 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №813

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 10 тамыз  Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2335 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы” Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2009 жылғы 31 желтоқсандағы                           № 2335 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 72-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: “Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”; 1-тармақтағы “Экономика және бюджеттік жоспарлау” деген сөздер “Экономикалық даму және сауда” деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. ТОЛЫҒЫМЕН 813-қаулы