03 Қыркүйек, 2010

“Альянсипотека” шарттары тиімді және қолайлы

487 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қаржы рыногындағы жаңа жо­ба­лардың, ең алдымен тиімділігі­мен және сапалылығымен ерек­ше­ленуі – бүгінгі күннің ең басты талабы екендігі айдай ақиқат. Бұл орайда “Альянс Банкі” АҚ бұл ба­ғыт­та бірқатар ықпалды іс-шара­ларды қол­ға алып, оны дәйекті­лік­пен жүзеге асыруда. Мәселен, банк­­тің “Альянсипотека” өнімі атап айтуға тұ­рарлық, өйткені оның банк клиент­тері үшін өзіндік ар­тықшы­лықтары жеткілікті екендігі сөзсіз. Ең алдымен, “Альянсипотека” бағ­дарламасы аясындағы қаржы­лан­дыру мерзіміне келсек, белгі­ленген келісімшарт уақыты көп­шілік талабына сай келмек. Аны­ғырақ айтқанда, несиелендіру мер­зімі 37 айдан – 240 айға дейінгі уақытты құрайды. Займ көлемінің ең төменгі мөлшері – 1.100.000 тең­ге, ал ең жоғарғы сома – 30 миллион теңгеге дейін көтерілмек. Тағы бір атап өтерлік жайт, Альянс Банкінің ипотекалық несиесі займ­шының кірісі толықтай нақты­лан­ған жағдайда алынатын жылжы­май­тын мүлік құнының 90 пайы­зына дейін ұсынылады. Үшіншіден, ипотекалық несие жылдық 13 пайыз мөлшерлемесімен ұсыны­лып, сәуір және қазан айларында, жылына екі рет қайта қаралады. Қарыз мақсаты айқын, ол – тұрғын үй жылжымайтын мүлікті пайдалануға бағытталып отыр. “Альянсипотека” бағдарламасы бойынша ипотекалық несие алу үшін кепілге еліміздегі өзге қаржы институттарындағыдай жылжы­май­тын мүлік қойылуы қажет. Ипоте­калық несие “кімдерге беріледі және ондағы талаптар қандай” деген көп көңілінде жүрген сауал­дар­ға келсек, бұл мәселеде де сон­ша­лықты күрделілік жоқ. Ипоте­ка­лық несиені Қазақстан Респуб­ли­касы­ның азаматы ғана алуға то­лық құқы бар. Қарыз жасы 21-ге тол­ғандардан бастап, әйелдер үшін – 58, ал ерлер үшін – 63 жасқа де­йін­­гілерге ғана беріледі. Және де “Альянс Банкі” клиенттерінің қа­рыз­ды төлеудегі төлем қабілеті, кірі­сінің толық нақ­тылануы ең бас­ты шарттардың қатарына жатады. Көпшілікке бел­гілі, қандай жағдай­да болмасын істің оңтайлы шеші­мін табудың берері мол екендігі сөзсіз. Сондай-ақ, Альянс Банкінен ипотекалық несие алушылар егер өздерінің қарызын мерзімінен бұрын төлеуді ұйғарған болса, оған да қолайлы жағдай, мол мүмкіндік жасалған. Займ берілген уақыттан бастап алты ай мерзім ішінде қа­рызды мерзімінен бұрын толықтай немесе бөліп төлеу жағдайында займшы негізгі қарызы сомасынан 1 пайыз көлемінде комиссиялық сыйақы төлейді. Ал, займ берілген мерзімінен бастап арада алты ай өткеннен кейін толық немесе жеке мерзімінен бұрын төлем үшін комиссия алынбайды. Альянс Банкінен “Альянсипо­тека” бағдарламасы аясында ипо­текалық несие алуды ұйғарғандар­дан талап етілетін құжаттар пакеті­нің саны соншалықты көп болмауы да уақытты үнемдеуге көмектеседі. Ең алдымен, қарыз алу үшін өті­ніш-анкета толтырғаны жөн. Со­ны­мен қатар несие алушының жеке куәлігі, ҚР салық төлеуші куәлігі (РНН), азаматтарды тіркеу кітабы, кепілдеме берушінің отбасы жағда­йын дәлелдейтін құжаттары, займ­шы­ның кірісі туралы анықтама жә­не тағы да басқа құжаттардың болуы тиіс. “Алаған қолым бере­ген” деп халық ұлағатында айтыл­ғандай, қандай сомада болмасын берілген қарыз уақтылы қайтары­лымымен құнды екендігі айтпаса да түсінікті. Сонымен, банк өз клиенттеріне ипотекалық несиелеудің тиімді шарттарын ұсынумен бірге, оның нарықтағы үлесін арттыру бағы­тындағы және өзге де іргелі жоба­ларды қолға алуда. Бақыт БАЛҒАРИНА,Алматы.