04 Қыркүйек, 2010

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы №492

756 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
03.07.2010ж. Астана қ. Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы  емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1887 қаулысының 3-тармағының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Емделуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы  емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (Ермекбаев Қ.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 860 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5978 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған, 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 9 том) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтаудың вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін. 6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен  бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Министр Ж. Досқалиев. ТОЛЫҒЫМЕН 492 Денс мин