21 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы №368

613 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 20 мамыр Астана қаласы Сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы “Сот-сараптамалық қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті осы Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы Нұсқаулықты мемлекеттік тіркегеннен кейін белгіленген заңнамалық тәртіппен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. “Сот-медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 875/1 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тіркелімінде № 3375 тіркелген, 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 9-13 “Юридическая газета” газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы Нұсқаулықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Каирбековаға жүктелсін. 6. Осы Нұсқаулық оны ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Ж. ДОСҚАЛИЕВ. “Келісілді” ҚР Ішкі істер министрі С. Баймагамбетов. ТОЛЫҚ МӘТІН 368 Денсаулық