фото: ҰОК баспасөз қызметі
Отандасымыз слалом-гигантта ел намысын қорғады.
Айта кетейік, бұл сайыста екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен спортшылар жүлдеге ие болады.
Жарыс нәтижесінде Ростислав Хохлов 2:47.36 уақыт көрсеткішімен 51-орынға тұрақтады.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша бразилиялық Лукас Пиньейро Бротен Олимпиаданың алтын жүлдегері атанды - 2:25.00. Күміс жүлде швейцариялық Марко Одерматтқа бұйырса (2:25.58), ал оның отандасы Лоик Мейар қола медальға ие болды - 2:26.17.
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті