24 Қыркүйек, 2010

“Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының конкурсы

914 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 жылғы 27 қыркүйек және 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Дарын” Мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс жариялайды. “Дарын” Мемлекеттік жастар сый­лығы (бұдан әрі – сыйлық) Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі аза­мат­тарына жемісті ғылыми, шығар­ма­шы­лық және қоғамдық қызметі үшін бері­леді. Сый­лық талантты жастарды ын­таландыру және олардың айрықша сіңір­ген еңбегін тану мақсатында беріледі. Сыйлық мынадай (саны 10): ғы­лым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, ди­зайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, клас­си­калық музыка, қо­ғамдық қызмет атау­лары бойынша екі жылда бір рет беріледі. Сыйлық беруге қызметі инно­ва­циялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады. Бір кандидатураны сыйлыққа қайта ұсынуға болмайды. Бір кан­дидатураны бір саладан артық сый­лыққа ұсынуға болмайды. Ізденушіге келесідей құжаттар ұсынылады: Ұсынымхат-мінездеме; Ұсынушы ұйымның шешімі; Жеке парақ; 2 сурет (4х6). “Ғылым” атауы бойынша қо­сымша арнайы мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қоры­тындысы қажет. Спектакльдерді, кино және теле­фильмдерді, бейнелеу өнерінің көр­ме­лерін қарауды, концерттік бағдарла­малар мен музыкалық шы­ғармаларды тыңдауды ұйымдас­тыру, сыйлыққа ұсы­нылғандардың қызметімен таныстыру ұсынушы ұйым­дармен бірге Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің “Дарын” Мем­лекеттік жастар сыйлығы жө­нін­дегі Комиссиясына жүктеледі. Сыйлық алған адамдарға Қазақ­стан Рес­публикасы Үкіметінің “Дарын” Мем­лекеттік жастар сый­лығы­ның лау­реаты” атағы беріліп, диплом, омырауға тағатын белгі және ақшалай сыйлық табыс етіледі. Сыйлық авторлар ұжымына бе­ріл­се, оның ақшалай бөлігі олар­дың мүшелері арасында тең бө­лінеді. Сыйлықтар салтанатты жағдай­да тап­сырылады, наградтау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуел­­сіздік күніне орайла­стырылады. Конкурстық құжаттар 2010 жылғы 27 қыркүйек және 20 қазан аралығында Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Білім және ғылым ми­нистрлігінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департа­ментінде келесі мекен-жай бойынша қабыл­данады: 010000, Астана қ., Орын­бор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 659 каб., тел.: 74 23 52.