01 Қазан, 2010

Атырауды тану “Атырауды” оқудан басталады

675 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Баспасөз – 2011 Атырау облысының “Атырау” газеті республика бойынша ең ба­йырғы газеттердің бірінен санала­ды. Оның алғашқы саны 1923 жы­лы 1 сәуір күні “Ерік” деген ат­пен шықты. Содан бері газет атауы бір­неше рет өзгерді, бірақ алға қойған мақсат-мұраты өзгерген жоқ. Ол осы кезеңде елдің шын мәнін­дегі шежіресіне, ұйымдас­тыру­шы күші­не, тәлімді тәрбиеші­сіне айналды. Газет 1990 жылдың 30 маусы­мынан бастап “Атырау” деген ат­пен шыға бастады. Жергілікті ха­лық­тың айтуынша, “Атырау” деген сөз “Каспий теңізінің балама аты, теңіз жағасындағы жазықтық” деген ұғымды білдіреді дейді. Газеттің тарихы да өте қызықты. Мұнда әр жылдары С.Мәмбетов, С.Жа­қыпов, К.Жаншарин, С.Сауыр­­ғалиев сияқты танымал адамдар жұ­мыс жасаған. Қазақтың бетке ұстар ақын-жазушылары Әбу Сәрсембаев, Асқар Тоқмағамбетов, Сәбит Мұ­қанов, Ғабдол Сланов, Хамит Ерға­лиев, Жұмекен Нәжіме­денов, Бер­қайыр Аманшин, Зейнолла Қабдо­лов, Әбіш Кекілбаев өмір бойы біздің газетпен тығыз байланыста болды. Газетте қазақ журналистика­сы­ның негізін қалаушылардың бірі Тауман Амандосов, Меңдекеш Саты­балдиев, Фариза Оңғарсынова, Марат Ыс­қақов, Берік Қорқытов, Аманқос Ершуов сынды белгілі қаламгерлер жұмыс істеп, осы га­зет­тен қанаттан­ды. Әлем классик­терін қазақ және қара­қалпақ тіл­деріне алғаш аударған Жүсіп Жан­төрин, Қыдырғали Са­сы­қов сынды ертеде елге танылған аудар­машылар да жұмыс істеді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан ке­йін газеттің екінші тынысы ашыл­ғандай болды. Ол елмен бірге қуа­нып, елмен бірге қиналды. Бүгінде тақырыпқа, безендіруге, журналис­терге талап өзгерді. Кеңес Одағы кезіндегі жақсы тәжірибені қал­ды­рып, әлемдік озық жаңалықты барынша енгізуге ұмтылдық. Мәселен, “Атырау-Ақпарат” хол­­­дингі құрылды. Бұл бас редак­тордың қаржы мәселесімен, түрлі шаруашылықпен айналысуынан құтқарды. Бас редактор тек шығар­ма­шылықпен айналысатын болды. Холдингтің құрылуы материалдық-техникалық базаның жақсаруына, журналистерді материалдық ынта­лан­дыруға жол ашты. Мысалы, биыл­ғы жылы ғана “Атырау-Ақ­парат” басшыларының көмегімен, облыс әкімінің қолдауымен 4 жур­налист пәтерлі болды, біраз адам жер учаскесін алды. Бір қызмет­керіміздің баласын шетелде күрделі операция жасауға көмек берілді. Жалпы, облыс әкімінің газетке деген көзқарасы ерекше десек, ар­тық айтқандық болмас. Біз де өз та­рапымыздан облыс әкімдігінде өт­кен әрбір шараны уақытында және егжей-тегжейлі жазамыз. Бұл облыс жұртшылығының облыс әкімдігінде не жұмыс жасалып жа­тыр, нендей шаралар жүзеге аса­тынын уақытын­да біліп отыруына жол ашты. Сөз жоқ, мұның бәрі ел ішіндегі ахуал­дың тұрақтылығына қызмет етуде. Осы кезеңде газетті безендіруге айрықша көңіл бөлінді. Респуб­ли­ка­лық газеттерден, баспахана­лар­­дан тәжірибе үйреніп, ең озық әдіс­ке қол жеткіздік. Қазір газеттің көркемдік сапасы Астанадан басы­ла­тын газеттен бір де кем емес. Осын­­дай жұмыстар газеттің тара­лы­мының өсуіне мүмкіндік берді. Мысалы, 2000 жылдың басында газет 10 мың данамен тараса, бұл бүгінде 27 мың данаға жетті. Бұл – облыста 500 мыңдай халық, әр үй­де шамамен 5 адамнан болса, біздің газетті әр күн сайын облыс халқының үштен бірі оқиды деген сөз. Газет түр­лі-түсті бет­термен аптасына үш рет – сенбілік номерлер 24, кей­де 32 бет болып, сей­сен­­бі, бейсенбі күндері тұ­рақты 16 бет болып шығады. Әрине, бізде қазақ газет­теріне ортақ проблемалар да кездеседі. Ең біріншісі, қазір күнделікті құралы­мыз­ға ай­налған компьютердің қазақ тілін “мойындай” бер­меуі. Біз соңғы кезде ғана қазақ­ша компьютерлік бағдарла­ма­ларға қол жеткізе баста­дық. Осы уақытқа дейін қазақша бағдарлама болма­ған соң, әсіресе, буынға бөлу ісіндегі қате­лік­терді көріп отырып жіберуге мәжбүр болдық. Газеттің тағы бір проблемасы – кадрлар болып отыр. Бұрын ҚазМУ-ден облысқа 2-3 журналист келсе, сол жеткілікті болатын еді. Қа­зір Атырауға ҚазҰУ-дің журна­лис­тика факультетін бітіріп ешкім келмейді. Осыған орай соңғы кезде Атырау университетінде журналист маман­дығын дайындап шығара бастады. Бұл, әрине, бізге көп кө­мек болғаны рас. Бірақ тек теория­лық жағынан ғана оқып, тәжірибе жағынан жет­кілікті шыңдалмаған, журналистика мәдениеті туралы бей­хабар, шығар­машылық таңдау­дан өтпеген “жур­на­листер нөпірі” бізге қиындық та келтіре бастады. Себебі, олар айт­қан­ды ғана орынд­айды, ал шығар­ма­шы­лық адам ретінде ізденіп, тың жаңа­лық жа­сау­ға дәрменсіздеу болып келеді. Сон­дықтан биылдан бастап уни­верситет ректорымен келісіп, 3-ші курс­тан жоғары 2 студентті таңдап, ҚазҰУ-де қалған курсын оқытуды келістік. Бұған облыс әкімі де қолдау білдірді. Ендеше, бұл мәселе де бір дұрыс жолға түседі деген сенімдеміз. Енді бір айтатын жәйт, оно­мас­тикаға қатысты. Соңғы кезде басқа тілден қазақшалаудың жөні осы деп әлемдік ұғымға айналған сөздерді орынсыз қазақшалау етек алды. Мы­­­­салы, футболды – аяқдоп, га­зет­­­ті – үнжария, т.б. тізе беруге бо­­л­а­ды. Және мұндай сөздерді әр газет әртүрлі жазады. Шынды­ғын­да, қазақ тілін байытамыз, бәрін қазақшаға айналдырамыз деп түсініксіз қо­йырт­паққа айналдырып бара жат­қан­даймыз. Осыны бір ізге түсіретін кім болар екен деп ойлаймыз. Атап өтетін тағы бір мәселе, қа­зір жұмыс істеп жүрген бас редак­тордан бастап барлық журналис­терге әлемдік озық тәжірибені үй­ретіп отыратын, әлсін-әлсін ше­бер­лігін шыңдайтын орта жоқ. Мыса­лы, Астанада бас редакторлар бас қоса­тын жиындар өтіп жатады. Он­дай жер көбіне орыс тілді басылым­дардың дау-дамайына айналып кетеді. Ал қазақ тілді редакторлар өзіміздің қанымызға сіңген ұстам­дылыққа сай сырттан бақылап қана отырамыз. Ал ішімізде өз пробле­мамыз қыз-қыз қайнап жатады. Сон­дықтан қазақ тілді басылым бас­шыларының басқосуын бөлек өткізу өте дұрыс бастама. Себебі, қазақ тілді­лердің өз қиындығы бастан асады және басқаларға айт­пайтын өзіндік құпиясы да бар. Ұлт­тық мүдделерді көтеруде де ақыл­дасу өте қажет. Ел бойынша кейбір проб­лема­ларды жазудың да айла-тәсілін айқындап алу қажет­тілігі туындап отыр. Қазақ тілді басылымдарды материалдық, мо­раль­дық жағынан қолдау бөлек әңгіменің тақырыбы. Әсіресе, конкурстар ұйымдас­тыр­ғанда оған екі тілді газеттерді қосып жіберу “қазақ тілділердің” ұмыт қалуына соқтырып жатады. Содан соң аймақ газеттерін саралап отырған ешкім жоқ. Атақ алатын­дардың бәрі дерлік орталық газет­терден және белгілі бір адамдар болып келеді. Соңғы кезде респуб­ликалық дәреже­дегі газеттердің бас редакторлары жиі бас қосады да, аймақтық газеттер басшылары шет қалады. Ал, проб­леманың көбі аймақтық газеттерде екенін ұмыт­паған дұрыс. Әсіресе, Елбасының түрлі шаралардағы сөз­дерін қазақ газеттері “Егемен Қазақ­стан” ау­дарып, өздерінің сайттарына сал­ған­ша күтіп отырады. Осы мәсе­лені бар­лық газетке оңтайлы жасау да кезек күттірмейтін міндет. Себебі, әр газеттің соңында мыңдаған оқыр­ман тұрғанын ұмытпасақ дейміз. Нұрлан ҚАБЫЛОВ, Атырау облыстық “Атырау” газетінің бас редакторы.