06 Қазан, 2010

Бәрекелді!

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2000 МҰҒАЛІМГЕ СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ Атырауда ұстаздар мен дә­рігерлердің әлеуметтік тұрмысын жақсарту қадамдары былтырдан бері жалғасып келеді. Былтыр бір күнде 408 дәрігер мен ұстазға жаңа пәтердің кілті табысталған еді. Өткен аптада ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай 2000 ұс­таздың әрқайсысына 50 000 тең­геден қаржылай сыйақы берілді. – Ұстаз бақыты – білімді шә­кірт тәрбиелеу. Ұстаздардың білім берудегі өлшеусіз еңбегін қар­жымен ғана өтеуге болмайды. Дегенмен, олар да бейнетті еңбе­гінің жемісін көруі тиіс. Был­тыр­дан бері ұстаздар қауымына жақ­сылық жасауға талпынып келеміз. Биыл 2000 мұғалімге 50 000 теңгеден сыйақы берсек, бұл алдағы уақытта да жалғасын табады. Оқу жылы ішінде  әр тоқсан сайын 11 мыңнан астам мұғалімнің әрқайсысына еңбе­гі­не қарай 35 000 теңгеден 60 000 теңгеге дейін сыйақы тағайын­да­ла­тын болады, – деді облыс әкі­мі Бергей Рысқалиев ұстаздар­дың кәсіби мерекесіне арналған салтанатта. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы.