Ертеңін ойлайтын Ерейментау “Бар жақсымыз – балаларға!” ұранын аспандатумен келеді. Соның бір айғағы ұлттық тілде тәлім-тәрбие беретін 320 орындық “Болашақ” балабақшасының салтанатты жағдайда ашылуы дер едік.
Александр Демидов басқаратын “Ақмола құрылыс материалдары” ЖШС 421,5 миллион теңгеге бағаланған құрылысты кестелі мерзімде аяқтады. Мұнда озық мекеме дәрежесіндегі талаптардың барлығы қарастырылған. Жоғары сұраныстағы бөбектер ордасында қазірдің өзінде 12 топ құрылып отыр.
Балабақша меңгерушісі Айнагүл Омарова жаңа нысанда 103 жұмыс орнын ашу жоспарланып отырғанын айтады.
Бақберген АМАЛБЕК.
Ақмола облысы.