15 Қазан, 2010

Жазаның да жазасы бар

454 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның жалпы отырысының күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Заң жобаларының ішінде бала құқықтарын қорғауға қатысты заңдық құжат депутаттар тарапынан қызу талқыға түсті. Екінші оқылымға ұсы­ныл­ған заң жобасының толық атауы “Қазақстан Республи­ка­сының кейбір заңнамалық ак­тілеріне ба­ла­ның құқықтарын қорғауды қам­тамасыз ету мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” деп аталады. Ұрлық жаса­ға­ны, тонағаны және қорқы­тып ал­ға­ны үшін адамның қыл­мыстық жауаптылығын Қылмыс­тық ко­декс­те  14-тен 16 жасқа дейін ұлғайту көзделген. Зор­ла­ға­ны және нәпсі­құ­марлық сипаттағы іс-әрекеттерді көрі­неу он төрт жас­қа толмаған адамға қатысты жасағаны үшін  он бес жылдан жиыр­ма жылға дейінгі мерзімге бас бостан­дығынан айы­ру­ға жазаланатын болып белгі­лен­ген. Ата-ана, педагог немесе кәме­летке тол­маған адамды тәрбиелеу жө­ніндегі міндеттер заңмен жүк­тел­ген өзге де адам жасаған жыныс­тық сипаттағы қыл­мыс­тар үшін қосымша жазалаудың төменгі шегі ұлғайтылды. Осы ретте салыстыр­ма таблицаға енгізілген “белгілі бір лауа­зымдарды атқару немесе бел­гілі бір қызметпен айналысу құқы­ғынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бос­тандығынан айы­руға жазаланады” деген ұстаным төңірегінде біраз тал­қылау болды. Депутаттардың бір тобы жыныстық тиіспеу­ші­лік­ке қарсы қылмыстар жа­саған бала тәрбиелеушіні “өмір бойына” кә­сібінен аластатуды ұсынса, қарсы жақ оның да Конституцияда жа­зылған құқы барлығына назар аудартты. Заң жобасына енгізілген өзгерістер балалар құқығын қор­ғаудағы ережелердің дәлдігі мен заң тазалығын қамтамасыз етеді, деді бұл тұрғыда Қ.Тоқаев. Жобаны комитетте талқы­лау барысында 40-қа жуық өзгерістер енгізу ұсынылған болатын. Палата отырысында талқылау барысында сена­торлар бірқатар өзгерістерді алып тастады. Соның ішінде жоға­рыда айтылған ұстаным да бар.  Сөйтіп, сенаторлар бала құқық­та­рын қорғауды жетіл­діру мақсатын­да заң жобасына отыздан астам өз­герістер мен түзетулер қабыл­да­ды. Заң жобасына енгізілген тү­зе­тулер белгіленген тәртіп бойынша Мәжіліске жіберілетін болды. “Уақытша әкелу туралы кон­вен­­цияны ратификациялау тура­лы” және “Қазақстан Рес­пуб­ли­касы мен Еуропа Инвес­тициялық банкі арасындағы Еуропа Инвес­ти­ция­лық бан­кінің Қазақстан Республи­ка­­сындағы қызметін рет­тей­тін не­гіз­демелік келісімді рати­фи­кация­лау туралы” заңдарды де­пу­таттар ұзақ талқыламай қа­былдады. Сол сияқты “Био­отын өн­дірісін және айналы­мын  мем­лекеттік реттеу тура­лы” және “Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне био­отын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы” заңдар да қа­былданды. Бұл заңдар Пар­ламент палаталары арасындағы келіспеу­шіліктерді еңсеру жө­ніндегі келісу комиссиясының ұсыныстары бойынша қабыл­данғанын атап өт­кен жөн. Заңда азық-түлік қауі­п­сіз­дігін қамтамасыз етуге, қор­шаған ортаны қорғауға, биоотын өн­дірісі мен айналымына ғылыми ауқымды технология енгізу ереже­лері мазмұндалған. Заң осы сала­дағы қоғамдық қаты­настарды ­рет­теуге, экология­лық таза отын ресурстары көздерін тиімді пай­далану үшін құқықтық, экономи­калық және ұйымдастыру шара­ларын қа­лыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы отырыста Премьер-Министр К.Мәсімовтің атына он­шақ­ты депутаттық сауалдар жол­данды. Сенаторлардың сауалдары аймақтық инфра­құры­лымдарды көркейту, әлеу­меттік саланы, жергілікті жерлердің тыныс-тіршілігін нығайту мәселеле­ріне қатысты болды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.