20 Қазан, 2010

Ұйым қызметіндегі ілгерілеушілік

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммитін өткізуге дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Оған Парламент Сенатының Төрағасы Қ-Ж.Тоқаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы О.Мұхамеджанов, Премьер-Министр К.Мәсімов, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин, “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулин, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатысты. Кеңес барысында ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалығы кезеңінде Ұйым қызметінің барлық бағыттары бойынша жағымды алға ілгерілеушілік болғаны атап өтілді. – ЕҚЫҰ министрлер кеңесінің Ұйымның жоғары деңгейдегі форумын біздің елордамызда өткізу туралы шешімі – бұл Қазақстанның тарихи табысы. Бұл табыс – 1999 жылы Ыстамбұлда өткен алдыңғы Саммиттен соң он бір жылдық үзілістен кейін ерекше есте қаларлықтай оқиға, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.