30 Қазан, 2010

“Алтын кітап” облыс тарихын толықтырады

732 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Облыс әкімі Сергей Кулагиннің бас­тамасымен 2005 жылдан бері “Қос­­­танай облысы жастарының “Ал­тын кітабы” жобасы жүзеге асы­рылып келеді. Аты айтып тұр­ған­дай, “Алтын кітапқа” өңірдің эко­­­номикалық-әлеуметтік дамуына зор үлес қосқан, облыстың атын сырт жер­лерге танытып жүрген, ха­лық­аралық, республикалық жарыстарда, байқауларда жеңімпаз атанған та­лантты, дарынды жастар есімі кі­реді. Мысалы, “Тобыл” футбол ко­ман­дасының капитаны, белгілі фут­болшы Нұрбол Жұмасқалиев осы “Алтын кітапқа” №1 болып тір­кел­ген еді. “Тобыл” футбол командасы тасының өрге домалауына Нұрбол­дың үлесі аз емес, сонымен қатар ол жастарға саламатты өмір салтын на­сихаттауда да зор еңбек сіңіріп жүр­ген жас. Сонымен қатар ха­лық­ара­лық спорт шеберлері Кристина Вой­лошникова, Владимир Кресс, Бейбіт Нұғыманов, Василий Левит есімдері де “Алтын кітаптан” орын алды. Мәдениет пен әдебиетте оқыр­­маны мен тыңдарманын мойын­да­тып үлгерген жас таланттарды осы альбомнан табуға болады. Балуан Беркеновтің есімі “Алтын кітапқа” ол мектеп қабырғасында жүргенде жазылды. Республикалық, халық­аралық байқаулардан талай рет жүлдемен оралған жас әнші биыл Алматы консерваториясына оқуға түсті. Мамандар оның болашағынан үлкен үміт күтеді. “Алтын кітапқа” тек таланттар ғана емес, еңбекте ерен істерімен үлгі болып жүрген жастар есімі де жа­зы­лады. Мысалы, Ев­гений Май­­­дан­­кин, Сайын Әби­тов, Андрей Беседа си­яқты жастар қа­рапайым еңбегімен-ақ Отанға деген ад­ал­дықтың, қоғамда белсенді өмір сү­ру­дің, адам­гершіліктің нағыз үлгісі болып үлгерді. Сондай-ақ өз өмі­ріне қауіп тө­ніп тұрғанына қара­мастан ерлік қи­мыл­ға барып, адам­дарды оттан, судан аман сақтап қалған да жастар. Осындай сегіз жастың есімі де “Алтын кітапта” ардақталады. Қостанай мемлекеттік университетінің студенті Мейіржан Қанатов Тобыл өзенінде суға батып бара жатқан бейтаныс қызды өз өмірін қиып құтқарып қалды. Мейіржан Әбіләкімұлының аяулы бейнесі мен есімі қайтыс болғаннан кейін “Алтын кітаптан” лайықты орын алды. Осы жылдар ішінде арнайы альбомға 10 номинация бойынша 102 жастың есімі алтын әріппен ойып жазылды. Олардың арасында халықаралық, әлемдік деңгейдегі болашақ тұлғалардың болмасына да кім кепіл. Облыстық ішкі саясат басқар­ма­сының ұйымдастыруымен жаст­ар­дың осы “Алтын кітабы” Қоста­найдағы тарихи-өлкетану музейіне салтанатты түрде табыс етілді. – “Алтын кітап” лауреаттары қа­зірден-ақ қалыптасып үлгерген тұл­ғалар. Олардың әрқайсысы ту­ралы айта берудің өзі ғанибет.Олар мұғалімдер, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар, ақындар, кәсіпкерлер, жастар көшбасшылары балып жал­ғаса береді. Жастардың мамандық­та­ры, жеткен жетістіктері, шыққан биі­гі де әртүрлі Ал жоғары кәсіби ше­берлікті меңгеру, туған жерге де­ген патриоттық сезім, сол арқылы ел­ге, Отанға пайдасын тигізуге ұм­ты­лу біздің бетке ұстар жастары­мыз­­дың барлығына ортақ сипат, – деді облыстық ішкі саясат басқар­­ма­сының бастығы Тамара Жақыпова. Жастардың “Алтын кітабы” об­лыстық тарихи-өлкетану музейі жә­дігерлерінің қатарынан орын алады. Тәуелсіз еліміздің тамаша жас­та­рының жеткен жетістіктері жа­зы­лып, суреті басылған “Алтын кітап” музейге келушілері үшін құнды жә­дігер ғана емес, жас ұрпақтың тәр­бие­сіне қызмет ететін қуатты құралдың да бірі болмақ. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. ҚОСТАНАЙ.