02 Қараша, 2010

Ілиястың алар асуы биік

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Мароккода дзюдо күресінен жастар арасында өткен әлем чемпионатында ұлттық құра­ма командасының жалпы есепте үшінші орынды иеленіп, бір ал­тын, екі күміс және бір қола алқаны жеңіп алғаны белгілі. Соның ішінде құрама сапында 60 килода Ілияс Измагилов күміс жүлдені иеленді. Ол алғашқы кез­десуде Марокко, одан кейін Авст­рия, Польша, Өзбекстан спорт­шысын ұтты. Ал ақтық сайыста 2009 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының 55 кило салмақ дәрежесінің чемпионы жапон жігітінен ұтылып қалды. Өскемендіктер Ілияс Изма­гиловты құрметпен қарсы алды. Ол дзюдо күресінен еліміз­дің спорт шебері, 2009 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылғы жас­тар арасындағы әлем чемпионаты­ның күміс жүлдегері. Жаттықтырушысы – Қазақ­стан Республикасының еңбек сі­ңір­­ген жаттықтырушы Бақытбек Дуанов. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.