02 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы№ 1078

425 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2010 жылғы 19 қазан Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 және 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1)   «Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 335-құжат): кіріспедегі «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» деген сөздер «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесінде: 1-тармақта «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» деген сөздер «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 391-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесінде: 1-тармақта «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» деген сөздер «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2010 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.