02 Қараша, 2010

Басымдық – нұротандықтарда

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен жексенбіде еліміздің 13 өңірінде бос қалған орындарға мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Сайлау түрлі деңгейдегі 52 мәслихатта жүргі­­зілді. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, барлық аймақтарда жергілікті атқарушы органдарға  “Нұр Отан” партиясы атынан барған үміткерлер өткен. Алғашқы нәтиже бойынша “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: “Бос қалған орындарға мәслихат депутаттарын сайлау өткен барлық 63 сайлау округінде “Нұр Отан” партиясының атынан үміткерлер ұсынылды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, негізінен біздің партиядан барған кандидаттар жеңіске жеткен. Нұротандықтардың бұл жеңісі, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Президенті, партиямыздың Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясатының қоғамда жоғары қолдауға ие екендігінің тағы бір көрсеткіші болып отыр”, деді.