03 Қараша, 2010

Мәселелерге маңыз берілді

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Сингапур Премьер-министрі кеңсесінің Экономикалық даму мәселелері бойынша арнайы кеңесшісі Филиппо Ёо бастаған осы елдің үкіметтік және іскерлік топ өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтас­тық­ты одан әрі дамыту, сонымен қатар экономиканы модернизация­лау және дамытуда өзара тәжіри­бе­лер бөлісу мәселелері талқыланды. Түс ауа Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірегей үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Отырыс жұмысына Премьер-Министрдің орынбасары Әсет Исекешев, “Нұр Отан” ХДП Төр­аға­сының бірінші орынбасары Нұр­лан Нығматулин, Президент кө­мекшісі Бақыт Сұлтанов, Эконо­ми­калық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова, Қаржы ми­нистрі Болат Жәмішев, Мәжіліс де­пу­таты Гүлжан Қарағұсова, “Атаме­кен” ҰЭП басқарма төрағасы Азат Перуашев, “Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы” ЗТБ директорлар ке­ңесінің төрағасы Серік Аханов, Қа­зақстан кәсіпкерлері форумы­ның президенті Райымбек Баталов, Прагма USAІD корпорациясының Қазақстан бойынша жобасының директоры Сергей Пизиков, екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ, өңірлік және бизнес-қоғамдас­тықтардың өкілдері қатысты. Облыстардың, сондай-ақ, Аста­на және Алматы қалаларының әкімдерінің қатысуымен бейнесе­лек­тор түрінде өткен мәжіліс ба­рысында Бірегей үйлестіру кеңе­сінің мүшелері “Бизнестің жол кар­тасы-2020” бағдарламасын іске асыру, отандық кәсіпорындардың өнімділігін арттыруға қатысты ұсыныстар, әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі іс-шаралар, сон­дай-ақ, Үйлестіру кеңесінің осыған дейінгі шешімдерінің орындалу барысы туралы мәселелерді қарады.