2010 жылғы 15 маусым
“Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 5 шілдедегі №202 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы “Әділет органдары туралы” Заңының 7-бабы 2-тармағы, 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы “Нотариат туралы” Заңының 32-бабы 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. “Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 5 шілдедегі № 202 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2934 тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың 2-тармағында “Аумақтық әділет органдарының” деген сөздерді “әділет департаменттерінің” деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
барлық мәтін бойынша “әділет органы”, “әділет органының”, “әділет органына” деген сөздер “әділет департаменті”, “әділет департаменті”, “әділет департаментінің”, “әділет департаментіне” деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта “аумақтық” деген сөз алып тасталсын;
2-тармақта “, оның мақсатын, міндеттерін, қағидаттары мен көлемін” деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
7-тармақта:
“күтіледі” деген сөз “қамтиды” деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы “тексеруден” деген сөз “тексеру” деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы “тексеру” деген сөз “тексеруді” деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы “зерделеу” деген сөз “зерделеуді” деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы “тексеру” деген сөз “тексеруді” деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы “талдау” деген сөз “талдауды” деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы “сақтау” деген сөз “сақтауды” деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы “зерделеу” деген “зерделеуді” деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы “орындау” деген сөз “орындауды” деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақта “нотариустың жекеше нотариаттық сектордағы жұмысының жалпы мерзімі” деген сөздерді “тиісті нотариаттық округіндегі қызметті жүзеге асырудың жалпы мерзімі” деген сөздермен ауыстырылсын.
12-тармақта “мүмкін” деген сөз алып тасталсын, “жүргізілуі” деген сөз “жүргізіледі” деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақта “мүмкін” деген сөз алып тасталсын, “құрылуы” деген сөз “құрылады” деген сөзбен ауыстырылсын, “бес адамнан” деген сөз “үш адамнан” деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
“Нотариус қызметін алғашқы тексеруден:
нотариуспен нотариалдық қызметті реттейтін қолданыстағы заңнамаларды сақтау тәртібін;
нотариустың үй-жайына заңнамада қойылатын талаптарды сақтауды (нотариус офисінің халық үшін қол жетімді болуы, оның нотариус қызметінің аумағында орналасуы, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың құпиялығын қамтамасыз ету, маңдайшадағы жазу, жұмыс режимі, үй-жайға қойылатын санитарлық, өртке қарсы және басқа да талаптардың орындалуын қамтамасыз ету);
нотариустың мөрі мен бланкілерін сақтау, нотариустың тізілімдерді, кітаптарды жүргізуі мен сақтауы жағдайларын;
азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды;
мұрағат үй-жайының жай-күйін және мұрағат құжаттарының;
нотариус қызметінің ақпараттық-нормативтік жай-күйін зерделеуді қамтиды.”;
20-тармақта “нотариаттық өтілі бар” деген сөздерден кейін “ және соңғы үш жылда тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған” деген сөздермен толықтырылсын;
22-тармақта “жақсы” деген сөз алып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінінін 28 тармақпен толықтырып келесі мазмұндағы сөзбе толықрылсын: “Анықтамада алынған жағдайды толық талдау, комиссияның бағасы мен қорытындысы, сонымен қатар міндетті түрде іске асыру мерзімі көрсетілген нақты ұсыныстар болу қажет.”;
33-тармақта алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
“Нотариустың лицензиясын айыру, күшін тоқтата тұру немесе жою туралы лицензиарға ұсынымдар жіберу туралы шешімдер қабылданады.”;
тармақтың орыс тіліндегі мәтінінің бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылып екінші абзацына түзетулер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
34-тармақ алып тасталсын;
2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Р. ТҮСІПБЕКОВ.
________________________________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6312 болып енгізілді.