06 Қараша, 2010

Күрес қай деңгейде жүруде?

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қ.Қожамжаров Президентке қаржы полициясының сыбайлас жемқорлық көріністерінің жо­лын кесу және көлеңкелі эконо­ми­­каны бейтараптандыру жө­нін­дегі қызметі туралы баян­дады. Мемлекет басшысы әлемдік қоғамдастық Қазақстанның сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы сая­сатын жоғары бағалайтынын атап өтті. Алайда, отандық БАҚ-тар­да бұл жұмыс аз сынал­май­ды. Атап айтқанда, сотқа негі­зі­нен “ұсақ шабақтар” тартыла­ды дегенді желеу етеді. Бірақ, ірі фигуралар ұсталғанда, жаппай қарсы тұру, құқық қорғау ор­ган­дарын жамандау, жемқорларды қорғау басталады. Біз бұған жол бермеуге тиіспіз. “Сыбайлас жемқорлық туралы” Заң қабылданғанда, мен өз мәлімдемемде күрес қатаң болатынын ескерткенмін. Біз құқық қорғау органдарын бір-біріне айдап салу, бір-біріне деген сеніміне селкеу түсіру мақ­сатындағы барлық өсек-аяң мен арандатуға назар аудар­мас­тан, оны аяғына дейін жет­кі­зуі­міз керек. Құқық қорғау орган­да­рында, әсіресе, сыбайлас жем­қорлықпен күресте қалыпты, қатаң жұмыс жүруде. Барлығы да біздің бұл жұмысты тоқ­тау­сыз жүргізетінімізді түсінуге тиіс, – деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.