06 Қараша, 2010

Ресей елшілігінде болды

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінде болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Төраға Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Виктор Чер­но­мыр­диннің қайтыс болуына бай­ланысты Ресей Федерация­сы­ның Қазақстандағы елшісі М.Бочарни­ковке көңіл айтты және аза кітабына қолтаңбасын қал­дырды. Соңғы уақытқа дейін Ресей Федерациясы Президентінің ТМД-ға қатысушы мемлекет­тер­мен экономикалық ынтымақ­тас­тық мәселелері бойынша ар­наулы өкілі қызметін атқарған В.Чер­но­мырдин елдегі қоғам­дық-саяси танымал қайраткер болды.