09 Қараша, 2010

Кенесары – Ұлытауда

739 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлытау ауданында Кене­са­ры ханға ескерткіш қой­ыл­ды. Батыр бейнесін ақ гра­нит­ке қашап, мү­сінші Өмір­хан Жүнісбеков жа­са­ған. Ескерт­кіштің биіктігі – 6 метр. Хан Кенеге ес­керт­кіш қою туралы идея Берік Әб­ді­ғалиұлы­нікі. Осы күнге дейін дәл осы орында қол сілтеп Ленин тұрған бола­тын. Енді алмас қылышын кеуде­сіне басып, тәуелсіз­дік­тің символындай Кене­са­ры тұр. Батырға ар­налған ес­керт­кіштің Ұлытауға қа­расты Жезді кентіне қойы­луының бір себебі, 1841 жылы осы өңірде ол ақ киіз­ге са­лынып, хан көте­ріл­ген деген ауыз­екі дерек бар. Әрине, хан Кенеге арналған ескерткіш оның жүрген-тұрған немесе туған жеріне ғана қойылсын деген түсінік жоқ. Кенесары бей­несі жарқырап әр қа­ланың төрінде, әр ауылда, тіпті әр қазақтың жүрегінде тұруы тиіс. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы.