12 Қараша, 2010

Ізгілік ізін табады

378 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бүгінгі таңда құқықтық рефор­ма еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіру бағытында ерекше орын алады. Әсіресе, қылмыстық-атқару жүйесін реформалау уақыт талабы. Өйткені, мемлекетіміздің ұстанған бағытына сай бас бостандығынан айыру орындарында қамау жағ­дайын әлемдік стандарттарға сәй­кес жетілдіру, бас бостандығынан айы­румен байланысты емес жа­за­ларды қолдану саласын кеңейту және ізгілендіру барысында қыл­мыс­тық саясатты жетілдіру ма­ңыз­ды мәсе­леге айналды. Міне, осы мәселе­лер­дің шешімін табу жол­да­рын қа­рас­тырған Әділет минис­тр­­­лігі жур­на­листерге арналған брифинг өткізді. Онда Әділет министрінің орын­басары Ә.Аманбаев пен Қылмыс­тық-атқару жүйесі комитетінің төр­ағасы С.Құсетов алдымен қыл­мыс­тық атқару жүйесі комитеті мен бұ­қа­ралық ақпарат құралдары ара­сын­дағы байланыс туралы әңгіме қозғады. Олардың сөзіне қарағанда, соңғы кезде ҚАЖК жүйесі туралы объек­тивті емес сипаттағы жария­ла­­нымдар саны көбейіп кеткен­дік­тен, бұл жұртшылықтың қыл­мыс­тық-атқару жүйесінің сеніміне кері ықпал етіп, әділет органдары жүйе­­сінің имиджіне нұқсан келтіруде көрінеді. Сондықтан аталған та­қы­рып бүгінгі таңда өте өзекті болып тұр, дейді олар. Осыған сай Әділет министрінің орынбасары Ә.Аманбаев: “Біз бар­лық БАҚ-пен ынтымақтастық жа­сау­ға дайынбыз. Ынтымақтасты­ғы­мыз ең алдымен, мемлекеттік ор­ган­дардың жұмысын жетілдіруге, аза­маттардың құқықтары мен бос­тан­дықтарын сақтауға бағытталған” – деп атап көрсетті. Бұл орайда ми­нистр­дің орынбасары бүгінгі күні бас­­­тама алған пенитенциарлық жүйе­­дегі өзгерістер бұдан бұрын жа­салынғандарға қатысты кедергі кел­тірмейді, сонымен қатар, қыл­мыстық-атқару жүйесінің қазіргі жай-күйі де қандай дегенге шы­найы баға беру қажет екендігін тілге тиек етті. Мемлекетіміз ұстанған сындар­лы саясат бойынша ҚАЖ-ды ре­фор­малаудағы басты міндет бас бос­­тандығынан айыру орын­дарын­дағы адамдар санын азайту, сон­дай-ақ сотталғандарды қайта әлеу­меттендіру үрдісін қалыптастыру, яғни оларды бостандықтағы өмірге дайындау болып табылады. Ол үшін, алдымен, колониялардың ша­руашылық қыз­­ме­тіне қатысты сот­талғандардың еңбегін ұйым­дас­тыру тәсілін өзгерту қажет. Бүгінде мұндай тәсіл Герма­ния, Франция, Швеция сынды елдерде кеңінен қолданылады. Ал ҚАЖ комитетінің бастығы С. Құсетов заңнаманы өзгертуді та­лап ететін реформалаудан кейін қыл­­мыстық-атқару жүйесінде сот­тал­­ғандарды ұстаудың жеке каме­ра­лық түрі пайда болады дейді. Осы­ған сай ол журналистерге бұл жұ­мыстың негізгі бағыттарын атап көрсетті. Александр ТАСБОЛАТОВ.