19 Қараша, 2010

Баға бақылауда тұр

376 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Облыстағы өнеркәсіпті қала­ның әкімі Андрей Никишов күнделікті қажетті тауарлар бағасының шарықтауына жол бермеу басты мәселе екендігін айтады. Мамыр айында құрылған жедел штаб осы жайға қатысты үш мәжіліс өткізіп, беделді азаматтар қатарынан іріктелген 16 жұмыс тобының қызметін тыңғылықты үйлестіріп отыр. Қала әкімі мен өңірдегі ірі ұн тарту кәсіпорны “Табыс 2009” жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігі және наубайхана иелері арасында меморандумға қол қойылуы нәтижесінде 1 сортты ұн 42,5 теңгеден, 500 грамдық нан 38 теңгеден босатылуда. Ал, наубай­хана қожайындары өз дүкен-деріндегі тауарларды үстемесіз сатып отыр. Өзге сауда орында-рында нан өнімдеріне үстемені 1 теңгеден асырмауға келісім жасалыпты. Біз Степногорда болған күні жыл басынан бергі 85-ші ауыл- шаруашылық жәрмеңкесі өткізі­ліп жатты. Спорт кешенінің атшап­тырым аумағына кеңінен жайылған сауда нүктелерін ара­лағанымызда ұсыным­ның молды­ғын, тұрғын­дар көңі­лінің жадыраң­қылығын байқадық. Қала бас­шысы бағаны тұрақтан­дыруда сауданы ұйым­дастырудың халық­қа ең жақын осынау түрі ай­рықша орын алатынды­ғын нақты деректермен әңгімеледі. –Биылға қараша­ның алғашқы жұмасын қосып есептегенде 209 миллион теңгенің тауа­ры сатылды, – дейді ол. Бұл былтырғы сәйкес мерзіммен салыстыр­ғанда 71 миллион теңге­ге немесе 51 пайызға артық. Атал­ған көрсеткіш бірінші жәрмеңкелер ұйымдастырылған 2005 жылы 150-200 мың теңгенің көлемінде еді. Тауар айналымын­дағы тауарлар түрі 50-ге жетті. Биыл өз жарма­ларымыз бен макарон өнімдерін сөреге шығардық. Орта есеппен тауарлардың жеке топтары бойын­ша бағаның төмен­деуі 15 пайызды құрап, қалалық­тардың отбасылық бюджетін 31 миллион теңгеге үнемдеп отыр. Біз бүгінгі жәрмеңкеде қырық­қабаттың 45 теңгеден, картоп пен пияздың –70, сәбіздің –80, жұмыртқаның ондығы – 150, еттің 580-600 теңгеден сатылып жат­қанын қойын дәптерімізге жазып алдық. Әсіресе, Степногор және Ақмол құс фабрикаларының, “Молторг” ЖШС, Шортанды май зауытының, “Юлия” шаруа қожа­лы­ғының өнімдері мен еліміздің оңтүстігінен жеткізілген көкөніс пен жемістерге сұраныс жоғары. Балдың үш түрін алып келген павлодарлық Сергей Чепурновтың саудасы да қызып тұр. Ақмола облысы.